РУХАНИ КЕЛІСІМ – ТАТУЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

18:43, 12 қазан 2017

Н.В Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Конфессияаралық бірлік – рухани келісім негізі» атты кездесу өтті. Шара барысында діни кітаптар көрмеге қойылды. Бұл 18 қазан рухани келісім күніне орай ұйымдастырылып отыр. Оған Қазақстан халық асамблеясының мамандары, дін істер басқармасының өкілдері және студенттер мен оқытушылар қатысты

Кітап көрмесіне барлығы 43 діни кітап пен журнал, газеттер қойылды. Мұнда әлем авторларының діни бағыттағы үздік туындылары қойылған. Мақсаты жастардың діни сауаттылығын ашу, ұлтаралық қарым-қатынасты сақтау болып табылады.

Гүлжазира СЕРІКҚАЛИҚЫЗЫ   облыстық кітапхана қызметкері

Біздің Қазақстанда әр-түрлі ұлт өкілдері тұрады. Осы шара дінаралық және қоғамдағы өзіміздің халқымыздың бірлікте болуы, әріптестігімізді одан әрі дамытуға бағытталады.

Аслан ТӨКЕНОВ  облыстық діндер жөніндегі басқарманың бөлім жетекшісі

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты Қазақстандағы жастарға ұлтаралық келісімнің қаншалықты маңызды екенін жеткізу, түсіндіру.

Кездесу барысында жиналғандар келелі ойларымен бөлісті. Мәселен  Бақытқали Мұсабеков дінаралық татулықты нығайту үшін нақты жұмыстарды күшейту керек деп есептейді. Осы бағытта ол өзге тілдегі діни кітаптарды қазақшаға аударған.  

Бақытқали МҰСАБЕКОВ    аудармашы

Үлкен алдымызға мақсат қойып, үлкен биіктен көріну үшін, қандай қлы істер жасау керек?! Ол үшін халықтың, ұлттардың достығы керек. Дінаралық. Конвессияаралық татулық қажет.

Осыдан 25 жыл бұрын еліміз 18-ші қазан  Ұлтаралық және дінаралық келісім күні деп бекіткен болатын. Содан бері бұл бағытта  тынғылықты шаралар жасалуда. Бір шаңырақ астында 130-ға аса ұлт өкілдерінің өмір сүріп жатқаны – бірліктің арқасы деп тарқасты жиналғандар. Ұйымдастырушылар бұл дөңгелек үстел мерекеге орай жасалынып жатқан жұмыстардың бастамасы деп атап өтті.

Айдана ДАСТАН

Тақырып бойынша материалдар

Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға  арналған бокстан 34-ші халықаралық турнир өз жалауын тікпек
16:53, 14 желтоқсан 2017
Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған б...
Толығырақ...
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құрылысы аяқталады
16:50, 14 желтоқсан 2017
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құр...
Толығырақ...
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
16:49, 14 желтоқсан 2017
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің саны 55-ке жетті
17:06, 8 желтоқсан 2017
2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің...
Толығырақ...
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөндеу жүргізіледі
17:42, 8 желтоқсан 2017
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөн...
Толығырақ...