РОБОТОТЕХНИКА ЖЕТІСТІКТЕРІ

13:34, 15 қараша 2019

Цифрландырылған болашақ жақындай түсті. Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ – де математика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері робототехникадан ашық сабақ өткізді

Осыдан бірнеше жыл бұрын фильмдерден ғана көретін роботтар енді көз алдымызда. Болашақ технологиясы -  ғалымдардың емес, қарапайым университет студенттерінің қолынан шыққан туынды. Мәселен, 2 курс студенті Қажымұқан курстасымен бірге айды зерттеуге икемді құрылғы ойлап тапқан. Ол жүреді, көреді, қашықтықтан ақпарат тарату мүмкіндігіне де ие.

Қажымұқан ТҰРСЫНБЕК, ҚарМУ-дың 2 курс студенті:

-Мына бөлігі қысқыш деп аталады, ІР камерасы бар, микро датчиктері, компьютермен байланыс орнатуға арналған вай фай, көпфункционалды дөңгелектері бар. Бағдарламалық жасықтама, ал мына бөлігінде құрылғының негізгі компоненттері орналасқан. Ультрадыбыс бақылаушылар құрылғы мен обьект арасындағы қашықтықты өлшейді.

Факультетте өзекті экология мәселелеріне бағытталған жобалар да бар. Арнайы дайындалған мына құрылғы қоқыстан тазарту жүйесін оңтайландырмақ.

Татьяна МАЛИК, студент:

-Сіз қоқысты лақтырасыз делік. Контейнер аузы – мұрнына жетіп, толған кезде өлшеу құрылғысы хабар береді. Содан кейін, көлік келіп қоқысты алып кетеді. Бұл өте қолайлы, сондай – ақ, ақша мен уақытты да үнемдейді.

Студенттер мұнда сымдарды дәнекерлеп қана қоймай, қажет десеңіз, бөлшектерді жинап, қиялға да ерік бере алады. Әр жас ойлап тапқыш қалаған ойын жүзеге асыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Мысалы, болашақ ғалымның қолынан шыққан мына суару жүйесі аграрлар үшін таптырмас олжа болар еді. 

Ислам ЖҮНІСОВ, студент:

- Компьютерлер құрылғыдағы ақпаратты экранға шығару үшін арналған. Сондай-ақ, қажет мәтінді бөлек мониторға да шығаруға және сайтқа жариялауға болады. Өздеріңіз көріп тұрғандай, бұны жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Тек ақша мен орын қарастырса болғаны.

Работотехникамен шұғылдануға қажетті барлық құрылғылар университетте жеткілікті. Жаңа қоңдырғылар жақында ғана сатып алынған. Студенттер мен оқытушылардың келесі міндеті мынада: ізденіс пен жаңашылдықты меңгеруді доғармау. Бұл жүйелі жұмысқа септеседі – дейді мамандар.

Ерлан АЯЗБЕК, робототехника курсының оқытушысы:

-Университетке көптеген жаңа роботтар әкелді. Олардың барлығын біз студенттермен бірге қамтамасыз етіп, жұмыс істеуге тырысамыз. Ендіболашақтабізүлкеніс - шаралардыұйымдастыруойда бар.

Айта кету керек, роботехника курсы қолданбалы болып табылады. Оған 300-ге жуық студент қатысуда.  Сабақ "Цифрлы Қазақстан"бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткізіліп жатыр.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар