РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВЕЛОЖАРЫС

17:47, 11 маусым 2019

Саран қаласында жасөспірімдер арасында 32 рет «Олимпиадалық үміт» атты веложарыс жалауын көтерді. Республикалық додаға еліміздің өңірлерінен 130 спортшы жиналды. Байрақты бәсеке Саран қаласының 65 жылдық құрметіне орай ұйымдастырылған

Нұрдәулет Әбіш Қызылорда қаласынан келген. 1 жыл бұрын велоспорт мектебіне қабылданған. Республикалық деңгейдегі алғашқы жарыс болғандықтан бар күшін салмақ. Тек ауа райының қолайсыздығынан кедергі келтірмесе болғаны.

Нұрдәулет ӘБІШ, қатысушы (Қызылорда қаласы):  

-Қызылорда ыстық. Ол жақта жаңбыр мұндай болмайды. Ылғал жер. Сондықтан құлап қалу қауіпі бар. Сол үшін қорқып тұрмын. Қарағандыға бірінші рет келуім, Саран қаласына. Велоспорттың пайдасын айтсақ, велоспорт адамның шымыр, аяғына көп күш береді.

Ал 11 жастағы теміртаулық Евгений Кавольчук Қарағанды облысының намысын қорғайды.Мұндай  веложарысқа осымен  7 мәрте қатысып отыр. Әр бәсекеден құралақан қайтпайтын  спортшы бұл жолы да жоғары  дайындықпен келгенін айтады. Жеңіс тұғырынан көрінсем деген мақсаты бар.  

Евгений КАВОЛЬЧУК, қатысушы (Теміртау қаласы ):

-Мен облыстық чемпионатта 3 орын алдым. Ал, облыс біріншілігінде   2 орын. Биыл  тек бірінші орындарды иеленіп келемін. Бұл спорт түрі аяқ бұлшық еттерінің дамуына көмектеседі. Шымыр бола бастайсың.

«Олимпиадалық үміт» веложарысы Саран қаласында алғаш реті  1987 жылы өткен. Дәстүрлі байрақты бәсекеге бұл жолы Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан,  Батыс Қазақстан, облыстары мен  Нұр-Сұлтан,  Қызылорда, Қарағанды, Қызылорда қалаларынан  130 спортшы жиналады. 

Ержан ТЕМІРХАНОВ, Саран қаласының әкімі:

-Саран қаласы осымен 32 рет еліміздегі велошабондоздарды қарсы алып тұр. Тәуелсіз елдің тарихында біздің спортшылар талай байрақты бәсекелерде ел намысын қорғап, көк туымызды желбіретті. Сіздер тек жүұлдегерлер ғана емес, экологиялық спорт түрін дамытып жатқан талапкерлерсіздер себебі велосипед  экологиялық көлік символы болып есептеледі.

Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Спорт: ұрпақтан ұрпаққа» жобасының аясында  ұйымдастырылған. Веложарыс 6 күн өтеді. Командалық додада әр топ  40 шақырымға дейінгі жолды  жүріп өтуі қажет. Ал жекелеген жарыста  үміткерлер 4 тен 15 шақырымға дейінгі қашықтықты бағындырулары тиіс.

Дмитрий КАРПОВоблыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

-Олимпиадалық үміт деп тегін айталмаса керек. Шындығында осындай турнирларға Александ Винукуров тәрізді спорт сайыпқырандарықатысып олимпиада шыңын бағындырды. Бұл сіздер үшін үлкен тәжірбие көзі. Бастысы жеңіс емес, жарысқа қатысу деп біліңіздер.

Жеңімпаздарды кубок пен грамоталар және бағалы сыйлықтар күтіп тұр. Жалпы Саран қаласының әкімдігі  шаһардың 65 жылдығына  ұйымдастыратын шаралардың бұл бастапқысы. Алда ауқымды ілкімді бастамалар күтіп тұр.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар