РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР

16:33, 16 сәуір 2018

Қарағанды облысында жасөспірімдер мен ересектер арасында әскери қоян-қолтық ұрыстан республикалық ашық турнир өтті

Дүбірлі дода атақты Дербісәлі батырдың құрметіне орай ұйымдастырылды. Дербісәлі – үш жүздің басын қосқан атақты Абылайханның оң қолы болған батыр. Бізге тарихтан ақ найзамен жауға ұрандай шауып, елін қорғаған ер ретінде белгілі. Бүгінде Шет ауданына қарасты бір ауылға Дербісәлі батырдың есімі берілген. Сондай-ақ, онда белгі тас та орнатылды.  Республикалық турнирде  Дербісәлі батырдың ұрпақтары жиналды. Олар бабаларынан қалған құнды жәдігер – қылышты өздерімен бірге әкелді. Көпшілікке таныстырып,  тарихына да тоқталды. Бұдан бөлек жиында театрландырылған қойылым сахналанды.

Төлепберген ӘБЕУҰЛЫ Дербісәлі батырдың ұрпағы

Биыл республика көлемінде бірінші рет өткізіліп отыр бұл шара. Жастар үшін тәрбиелік маңызы зор деп ойлаймын. Спортқа баулып, патриоттық рух береді.

Әскери қоян-қолтық ұрыстан өткен республикалық турнирге 200-ден аса үміткер қатысты. Темірдей тәртіпке бағынған спортшылар білікті бапкерлердің алдында күштерін сынап, өзара бақ сынасты. 

Рахымжан БАЙҚАБЫЛ  ұйымдастырушы

Қатысушылар көп әр қаладан келді. Қостанай, Астана, Сәтпаев, Қостанайдан бар. Алддағы жылы бұл шараны әлемдік деңгейде өткізу жоспарда бар.

Дүбірлі доданың соңында  оза шыққан жеңімпаздар арнайы чемпиондық белбеу алды. Ал, ұйымдастырушылдар бірінші орын иегерлері көп ұзамай спорт шебері атағын да қанжығаларына байлайды деген үмітте.

Айдана ДАСТАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛДІРДІ
18:17, 11 шілде 2018
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛД...
Толығырақ...