РЕПРЕССИЯ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ

17:06, 29 мамыр 2020

31 мамыр елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Зұлмат заманда миллиондаған халық солақай саясаттың құрбаны болған еді

1921 жылдан 1954 жыл аралығында 100 мыңнан астам адам темір тордың ар жағынан бірақ шыққан. Ұлтымыздың кіл қаймақтарын жалмаған қасіретті жылдар көбіміздің көкірегімізге мұң ұялатады. Осы кезеңдерде қазақ халқының 20 мыңға жуық зиялы қауымы ату жазасына кесіліп, жазықсыздан  ғұмырлары қиылған еді. 1997 жылдан бастап еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 31 мамырды репрессия құрбандарын еске алу күні деп бекітті. 

Юрий МИХУЛЯ, ҚХА «Жаңғыру жолы» облыстық штабының мүшесі:

-Әрине, 31 мамыр біз үшін ерекше маңызды күн. Өйткені, Қазақстан көп ұлтты мемлекет.Бізде 130 ұлт тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Олардың ата-бабалары 37-38 жылдары Қазақстанға жер аударылып келді. Қазіргі таңда олардың Отаны Қазақстан болып табылады.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар