ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАР ЖАБЫЛДЫ

16:23, 29 шілде 2020

Эпидемиологиялық ахуал бері қарап, енді республикамыздағы провизорлық орталықтар жабылып жатыр. Осылайша бос орындар қоры тұрақтанады –дейді ақ халаттылар

Қарағанды облысында да жағдай оң өзгеріске ие. Аймақ тұрғындары ауруханалар мен стационарларға және жедел жәрдем көмегіне бұрыңғыдан сирек жүгінуде. Бүгінде соңғы науқастарын аяққа тұрғызып, шығарып салып жатқан провизорлық орталықтар уақытша жабылатын болды. Алайда, емдеу ошақтарын қажетті техникамен жабдықтау және медикаменттермен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі жалғаса бермек. СебебіCOVID-19 – дың болжанған екінші толқынын қаперден шығармаған абзал – дейді мамандар. Бұған қоса, күз бен қыс айларында тағы 1500 пульсоксиметр мен 500 оттегі концентратын сатып алу да жоспарда бар. Сондай – ақ, қыркүйек айында республикалық бюджеттен қаржы қарастырылып, Қарағанды облысына тағы 302 ЖӨЖ аппараты жеткізіледі.

Гамаль ТОҚСАМБАЕВ, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Провизорлық орталықтар толық жабылған жоқ, уақытша жұмысын тоқтатты. Оның ішіндегі медициналық құрал-жабдықтар сонда қала береді. Біз күзгі маусымға, екінші толқынға дайындық үстіндеміз. Сондықтан қажет болған жағдайда мамандар не бары бір сағаттың ішінде уақытша жабылған провизорлық орталықтың жұмысын қайта жандандыра алады.  Екінші толқын бірінші кезең сияқты агресивті болмайды деп ойлаймын.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар