Приозерскі қаласында ҚР төтенше жағдайлар комитетінің жедел-құтқару жасағы кинологиялық сынақ жұмыстарын бастап кетті

12:51, 24 қараша 2017

Бұл құтқарушы иттердің жұмысқа қабілеттілігін растау үшін міндетті болып табылады

Бұл қызметтегі иттер тек кинологтардың бұйрығын орындайды. Іздеген адамын, немесе күдікті затты іскеп біледі.  Нәтижесінде  есірткі тауып, қылмыс ашады, із кеседі. Сырттай қарағанда қызық болып көрінгенмен, міндеті ауыр мамандыққа екінін бірі бара бермейді. Себебі, олар итпен тікелей жұмыс жасайды. Сондықтан жануардың табиғатын түсініп, тілін таба білу керек дейді, - құтқарушылар.

Ольга ОШАҚБАЕВА ТЖД  кинологиялық жедел құтқару бөлімінің меңгерушісі

Иттер зардап шеккен адамдарға, балаларға өте жылы қабақ таныту керек. Өздеріңіз білесіздер, ит жануары әрдайым дұрыс әрекет ете бермейді. Сондықтан онымен көп жүмыс жасаймыз.

Приозерскі қаласына біліктілігін растау үшін 23 кинолог пен құтқарушы ит келген.  ҚР төтенше жағдайлар комитетінің мұндай сабақтары жылына екі рет өткізіледі. Нәтижесінде жұмысқа жарамдылығы анықталады.

Бауыржан БЕРДАШЕВ ҚР ТЖК-нің өкілі

Өздеріңіз жақсы білесіздер адамдар жиі жоғалып жатады. Әсіресе, орманда, сырт шалғайларды. Бізге осындай кезде иттеріміз өте көп көмек көрсетеді. Мәселен, соы жылы Қарағанды обылсында жоғалған ажені тауып алдық. Шахан қаласында да біздің ит адам тапқаны белгілі баршаңызға.

Құтқарушылар иттің кез-келген тұқымы мұндай жұмысқа келмейді,- дейді. Кинолог қызметіне негізінен, бельгиялық және немістің овчаркалары, ретриверлер жарамды.  Ал, Приозерскі қаласындағы  сынақтың

қорытындысы бойынша кинологтарға табиғи немесе техногенді апаттарға

қарсы  жұмыс істеуге болатынын растайтын сертификат беріледі.

Айдана ДАСТАН

Тақырып бойынша материалдар

Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға  арналған бокстан 34-ші халықаралық турнир өз жалауын тікпек
16:53, 14 желтоқсан 2017
Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған б...
Толығырақ...
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құрылысы аяқталады
16:50, 14 желтоқсан 2017
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құр...
Толығырақ...
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
16:49, 14 желтоқсан 2017
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің саны 55-ке жетті
17:06, 8 желтоқсан 2017
2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің...
Толығырақ...
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөндеу жүргізіледі
17:42, 8 желтоқсан 2017
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөн...
Толығырақ...