Приозерск қаласының 140-қа жуық тұрғыны жыл аяғына дейін жаңадан салынып жатқан үйлерден пәтер алады

Осы аралықта, қалада 3 тұрғын-үй кешенінің құрылысы аяқталмақ. Көп қабатты үйлер отандық құрылыс материалдардан бой көтеруде. Олар барлық талаптарға сай келеді

20:51, 18 мамыр 2017   88

Мына - 42 пәтерлік тұрғын-үйдің құрылысы-2014 жылы басталған. Бір жылдай бұл үйлердің құрылысы  қаржы тапшылығынан тоқтап тұрған. Соның салдарынан 140 тұрғынға қонысты болу уақытша шектелді. Қазір жұмысты қайта қалыпқа келтіруге мүмкіндік туды. Алғашқы тұрғындар маусым айында баспаналы болады деп күтілуде.

Жәкен ЕСЕНЖОЛОВ  құрылыс бөлімінің жетекшісі

Облыс бюджетінен құрылыс жұмыстарын аяқтауға -391 миллион тенге қаржы бөлінді. Тағы-92 миллион инженерлік жүйелерге қарастырылған. Құрылыс жұмыстарына-150 ден астам адам жұмылдырылған. Талап бойынша құрылысқа қадағалау да жүргізілуде. Сондықтан құрылыстың сапасына еш күмәнданудың қажеті жоқ.

Бүгін бұл жерде әрлеу жұмыстары аяқталмақ. Заманауи энергия көздерін үнемдейтін үйлер бой көтерді. Мердігерлердің айтуына қарағанда, материалдардың барлығы қазақстандық өнімдер. Мынау 9 қабатты үй, ең алып кешен. Ол -71 пәтерден тұрады. Баспананың қолданысқа берілу мерзімі қазан айына жоспарланып отыр.. Тағы бір көп қабатты үйді мердігер компания өкілдері желтоқсан айында аяқтамақ. Приозерск қаласы бойынша үй алу кезегінде 400-ден астам адам тұр. Бір айта кетерлігі, соңғы 5 жылда бұл қаладағы алғашқы жүргізілген қарқынды құрылыс жұмысы.

Сейітқали ӘШІМ

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25