ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚАРАҒАНДЫҒА САПАРЫ

19:40, 23 тамыз 2019

Әлеументтік маңызды нысандармен өндірістік орындарды аралап көрген соң, мемлекет басшысының қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті. Жиналыста еліміздің индустриялық бағытта даму деңгейі талқыланды

Қарағанды қаласындағы арнайы экономикалық аймақтың жұмысымен танысқан    Қасым Жомарт Тоқаев жоғары баға берді. Айтуынша айтарлықтай өсім бар.

Қасым – Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР Президенті:

-Елімізде барлығы  21 арнайы экономикалық аймақ бар. Бүгінде оларда   183 жоба жүзеге асып жатыр.  Оған  10 млрд теңге инвестиция  құйылған. Бірақ қарағанды облысындай жоғары нәтиже оларда байқалмайды.

Қазақстандық тауарлар иминджін дамытып, төл брендімі құру маңызды деді, - президенті. Мемлекет бизнеске барынша  қолдау көрсетіп келеді. Сәйкесінше жұмыс сапасы да бәсекеге қабілетті болуы керек. 

Қасым – Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР Президенті:

-Отандық өндірушілер сапаны арттыруға ұмтылуы тиіс. Біз сапасы төмен затты және бағасы қымбат өнімді сатып ала алмаймыз. Бұл бәсекелестік мәселесі.

Кеңесте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мен ірі өнеркәсіп орындарының жетекшілері баяндама жасады. Эскпорт бағытындағы салмақты сауалдар талқыланды. Ал Қарағандылық кәсіпкерлер жеңіл өнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелерді алға тартты.

Андрей ШМАРИН, облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы жеңіл өнеркәсіп комитетінің төрағасы:

-Ең алдымен, бұл отандық шикізат базасының әлсіздігі – бұл қажетті көлемнің, сапалы иірім жіптің, матаның, астарлы материалдардың, болмауы.Жеңілөнеркәспте жұмыс істейтін кәсіпорындар аз. Мысалы мынау қарапайым жіп, мұндай қазақстанда шығарылмайды.   Ол сапалы материалдан жасалған. Егер біз осындай жіп шығаратын кәсіпорын ашсақ, бізге үлкен мүмкіндіктер ашылады.

Қасым – Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР Президенті:

-Бізге жіберіп алмауға болмайтын бір маңызды мәселе, бұл елдің және біздің индустрияның имиджін, брендін жасау және алға жылжыту. Қазақстандық тауарлардың сапалық маркетингі мен қызметтері сыртқы нарықтарға белсенді жылжытуға ықпал етуі тиіс.

Кеңейтілген кеңес  соңында Қасым Жомарт Тоқаев үкімет алдына бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Үш жыл ішінде елімізде өңдеуші сектор үлесі 8% - ға төмендеді. Ал экспорт бойынша біз көрші елдерден артта қалып отырмыз. Сондықтан атқарушы билік мәселелерді шешудің жаңа жолын ойластырып,  тиімді әдістерді іздеуі керек, - деді мемлекет басшысы.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар