ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

15:41, 4 қыркүйек 2019

Қарағанды облысында биылғы жылдың соңына дейін «Сарыарқа» жобасы аясында алғашқы үйлерге газ тартыла бастайды. Мұнан бөлек Жаңа арқа, Шет, Бұқар жыраумен Осакаров аудандары және Шахтинск қаласына көгілдір отынды жеткізу бойынша жобалық-сметалық құжат дайындалуда. Бұл туралы облыс әкімдігінде Президент жолдауын талқылау турасындағы жиында облыс әкімі хабардар етті

Өңір басшысы Ерлан Қошанов «Қоғамды толғандырып отырған негізгі мәселелер көшеде емес, мәслихат, фракция және қоғамдық кеңес отырыстарында талқылауы керек. Ал, жергілікті депутаттар өздеріне берілген заңды құқықтарын толық пайдалануы қажет. Өзекті мәселелерге қатысты сауалдарын жолдап, нақты шаралар қабылдауды талап етуі тиіс. Деді. Сондай-ақ барлық деңгейдегі әкімдер, мемлекеттік органдардың басшылары адамдардың мәселелерін олардың өз аузынан естіп, біліп отыруы – міндет.

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

-Ең бастысы жұмысымыз реформа үшін-реформа, есеп үшін есеп істеуінде болса онда жұмысымыз өнбейді. Халық бәрін көріп-біліп отыр. Президентте атап айтты. Барлық деңгейдегі әкімдер мен мемлекеттік орган басшылары адамдар мәселелерін  өз аузынан естіп білуі басты міндет.

Біздің мемлекетіміз көмекке мұқтаж азаматтарды қолдау үшін барлық шараларды қабылдауда.Бүгінгі күнде атаулы әлеуметтік көмектің жаңа  форматы бойынша 10 мыңнан аса отбасына төлемдер тағайындалған. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны биылғы жылдың басымен салыстырғанда 8 есіп, қаржыландыру көлемі  10 есеге артқан. Президент жолдауында білім мен ғылым тіл мен діл, өнер мен мәдениет тақырыбы да қозғалды. Және алда болатын өзгерістер осы сала мамандарының еңбегінің еленуіне тың серпін беріп отыр.

Қайрат КЕМАЛОВ, С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының актері:

-Театрға диплом алып келген жас маман айлығы уй алуға шамасы келмейді. Міне осыны президент жолдауда нақты қадап айтты.

Өмірсерік НЕСІПБАЕВ, 103-ші мектептің тарих пәні мұғалімі:

-Ұстаздар жалақысы 4 жылда 2 есеге арттыру, жағдай жасап, курстарға қатысуы. Оқушылардың қалыптасуына жағдай жасалды.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бізге алдағы жұмыстың басты бағыттарын белгілеп берді. «Бұл жолдау елімізді одан әрі дамытуға тың серпін мен үлкен қуат беретін өте маңызды бағдарлама болып табылады» -деді облыс әкімі Ерлан Жақанұлы.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар