ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

17:32, 2 қыркүйек 2019

Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихындағы екінші президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет ел халқына жолдауын жариялады. Президент сөз басында «сайлау алды бағдарламамда халыққа берген уәдемді міндетті түрде орындаймын»- деп айтты. Соған айғақ, қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтып екі жақты диалогты күшейту үшін бірқатар жұмыстар қолға алынбақ

Президент алдағы уақытта митингтер туралы заңды жетілдіру керектігін де айтты. Ата заңда айқындалғандай,  азаматтарымыз өз ойын еркін білдіру құқығына ие. Егер ондай акциялар заң мен азаматтардың тыныштығын бұзбайтын болса, заңда көрсетілген тәртіп бойынша митинг өткізуге рұқсат берілу керек. Ол үшін арнайы орын бөлу қажет деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  Президент сондай-ақ парламентке зорлық-зомбылық, педофилия сынды ауыр қылмыстарға қатысты жазаны қатаңдату туралы тапсырма берді. Жер мәселесі де шешімін тапты. Тоқаев «жер шетелдіктерге сатылмайды»-деп қадап айтты. Есесіне, қазақтың шұрайлы құнарлы  жерін тиімді пайдалануға баса мән беріледі. Кезінде, үлкен жер телімдерін тегін иемденіп, бірақ, кәдеге жаратпаған иелердің жері мемлекетке кері қайтарылады. Ел президенті -Қазақ тіліне қатысты да нақты пәрмен берді. Ол:  " Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек", - деді. 1-ші қыркүйектен бастап Қарағанды облысы алғаш болып, пилоттық жобада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгені белгілі, бұл орайда медицина бағытына да ерекше көңіл бөлініп отыр.

Бейбіт САҒЫНБАЕВ, "Қарағанды облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі орталығы" КМҚК директоры:

-Биылғы жолдаудың негізгі екі бағытын айқындап айтсақ болады, бірі экономикалық тұрғыдағы мәселелердің шешімі ұсынылған бағыттар болса, екіншісі әлеуметтік мәселелерде қозғалып жатыр. Біз, медицина мамандары ретінде бұл бағыттарға орасан зор көңіл бөліп отырмыз, Президент бастамасын бірлесе атқаратын боламыз.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар
 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар