ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН ҚОЛДАУ

17:29, 10 сәуір 2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы үндеуін қарағандылық зиялы қауым өкілдері де бір ауыздан қолдайды. Мұндай өтпелі кезеңнің ұзаққа созылуы еліміз үшін тиімсіз. Тұрақтылықты сақтап, елді экономикалық тұрғыдан дамыту үшін сайлауды ерте өткізген жөн,-дейді олар

Кеше ғана президент Тоқаевтың жасаған мәлімдемесі 19-шы наурыз күні елбасының жасаған жарлығының жалғасы һәм бұл дұрыс шешім. Арқаның ақиық ақыны серік Ақсұңарұлы осылай дейді. Себебі өтпелі кезеңнің ұзаққа созылуы халыққа тиімсіз. Олар дауыцс беріп, сайлап алғанды жөн көреді.

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ, Ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері:

-Елбасы өзінің тарихи мәлімдемесін осы жылдың 19-шы наурызында жасады. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауын өткізу туралы үндеу жариялады. Қазақта тоғыз деген қасиетті сан бар. Үйірімен үш тоғыз дейді. Сол үйірімен үш тоғыз болсын. Кезекті сайлауда қазақтың мәңгілік ел болуы үшін, еңселі жұрт болуы үшін, өркениетті елдердің  қатарында жүру дауыс берейік. Бүгінгі мәлімдеме уақытында жасалған тарихи мәлімдеме болды.

Медициналық университеттің жастармен жұмыс бөлімінің бас маманы Александр Урмашовта осындай пікірді ұстанады. Ол 9-шы маусым тәуелсіз қазақстан үшін тарихи күн дейді. Сондықтан ел болашағы үшін әркім сайлауға бару керек деген пікірде.

Александр УРМАШОВ, Медициналық университеттің жастармен жұмыс бөлімінің бас маманы:

-Бұл мерзімі келген шешім. Себебі қазір жаһанда тұрақсыздық байқалады. Сондықтан кез-келген сәтте тұрақтылықты сақтап, дайын болу керек. Қазақстандықтар өз таңдауын жасап, өз даусын беретін кез келді.

Еске салсақ, кеше ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елге үндеу жариялап, президенттік сайлау мерзімінен бұрын, яғни 9-шы маусымда болатынын айтқан.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар