ПРЕЗИДЕНТ БЕЛГІЛЕГЕН БАСЫМДЫҚТАР

13:25, 6 қыркүйек 2019

Президент жолдауындағы балаларға қатысты зорлық-зомбылық ісіне жазаны күшейту туралы сөзі толғағы жеткен мәселе. Бұл шешім заңның гуманитарлық бағытынан арылып, мәселеге реалистік тұрғыда қарауға мүмкіндік береді. Теміртау қаласының заңгерлері осындай пікірде. Бүгін құрышты қаланың активінде президент жолдауы талқыланып, бірқатар ұсыныстар қабылданды

Теміртау қаласында да тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, жағдайының жақсаруына мемлекеттік бағдарлама аясында бірқатар кешенді шаралар жүзеге асып келеді. Оның ішінде арнаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны биыл 200-ге жуықтаған. Көп балаы отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетілоіп келеді. Және ең бастысы қоғаммен қарым-қатынас орнатуда бірқатар нақты шаралар қабылданған. Тіпті Темірау әкімі әлеуметтік желілердегі парақшасында тұрғындар сауалына жеке өзі жауап жазуды дағдыға айналдырған. Бастысы атқарылып жатқан шаралар көзбояушылық емес, нақты өзгеріске ұмтылуға бағытталуы тиіс,- дейді ол.

Ғалым ӘШІМОВ, Теміртау қаласының әкімі:

-Ең бастысы жұмысымыз реформа үшін-реформа, есеп үшін есеп істеуінде болса онда жұмысымыз өнбейді. Халық бәрін көріп-біліп отыр. Президентте атап айтты. Барлық деңгейдегі әкімдер мен мемлекеттік орган басшылары адамдар мәселелерін  өз аузынан естіп білуі басты міндет.

Сондай-ақ, президент жолдауындағы негізгі бағыттардың брі - азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі. Бұл тұрғыда зорлық-зомбылықтың алдын алу, ал, мүмкін болмаған жағдайда жазаны күшейту аса қажет болды. Президент бұл түйінді мәселені дер кезінде анықтады,- дейді заңгерлер қауымы.

Светлана ГАРКУША, заңгер:

Денсаулыққа зиян келтіру мәселесі бойынша нақты шаралар қабылданды. Негізі адам өміріне қастандық жасау бір сценарий бойынша жүріп отырады. Қылмыскерлер босаңсымауы тиіс. Сондықтан жазаны күшейту мәселесі мерзімді шешім деп есептеймін. Өзім ішкі істер саласында 20 жылдан астам уақыт істедім. Сондықтан бұл бағыт маған жақсы таныс.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бізге алдағы жұмыстың басты бағыттарын белгілеп берді. «Бұл жолдау елімізді одан әрі дамытуға тың серпін мен үлкен қуат беретін өте маңызды бағдарлама болып табылады» -деді жиналғандар.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар