ПРАЙМЕРИЗГЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

17:04, 15 қыркүйек 2020

Қазір республика бойыншаЕлбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша алғаш рет партия ішіндегі іріктеу «Праймериз» жүріп жатыр.Тамыз айынан бастап, Қарағанды облысы бойынша 857 үміткер өз кандидатураларын ұсынып үлгерген.Осыған орай, «Нұр Отан» партиясында іріктеу кезең-кезеңмен өтті

Меруерт Башай мәдениет саласында 28 жыл тапжылмай қызмет еткен, көп балалы ана. Ол кейінгі 6 жылда қоғамдағы түйткілді мәселерге белсене араласып жүр.Әсіресе, көпбалалы аналар мен шет елден келген қандас бауырларға көмектесіп келеді.Осы жолы,Меруерт Башай  жаңадан құрылған «Праймеризға»қатысып,халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру басты ұстанымым,- дейді.

Меруерт БАШАЙ, «Праймеризге» қатысыушы:

-Мен жаңа форматтағы «Праймеризге» қатысу ретінде отбасы және Отан туралы өз бағдарламамда енгіздім.Мұнда мен өзге елден келген қандастарымыздың мәселесі мен көп балалы аналардың әлеуметтік жағдайын көтеремін.Сырттан келетін қандастарымызға үй кезегіне тұрып, азаматтықты алу, ал көпбалалы аналарға пәтер алуға жеңілдік болсын деген проблеманы көтерем.

17-28 тамыз аралығында Қарағанды облысында праймеризге қатысу үшін 857 кандидат тіркелген. Онда кандидаттардың 276-сы әйелдер.Олардың  13- көп балалы аналар.Ал 224 - бұл 35 жасқа дейінгі жастар өз кандидатурларын ұсынған. «Нұр Отан» партиясы мамандарының мәліметінше 7 қыркүйектен бастап, іріктеу кезеңдері басталды.Ал 14-30 қыркүйек аралығында онлайн режимінде көпшілік пікірталастар өткізіледі. Қазір бұл бағдарламалардың барлығы халықтық кең талқылауға ие.Қазірдің өзінде 216 бағдарлама аудан, қала, облыс бойынша ұсынылып үлгерді дейді-, Қадиша Оспанова.

Қадиша ОСПАНОВА, «Nur Otan» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша алғаш рет партия ішіндегі іріктеу "қайта жүктеудің" және партияны жаңартудың соңғы кезеңі бола отырып, жалпы республикалық ауқымда өтуде.Праймеризге қатысушылар өздерінің бағдарламаларын ұсынады.Ол бағдарлама халықтың көкейінде жүрген нақты проблемарды аша алатын жүйелі болуы шарт. Әрбір үміткер көшбасшылық қасиетке ие болуы тиіс.Пікірсайыс әрбір 2 сағат сайын өтуде.Қазір міне 1-ші іріктеуде 9 кандидат қатысты.Оларға барлық жағдай жасалған.Қазіргі жағдайға байланысты, барлық карантиндік ережелер толығымен сақталуда.

Мамандарталқылаудан кейін бес жылдық мерзімге арналған бағдарламалар  пысықталатынын айтуда. Сонымен қатар, әрбір аудан қаланың және облыстың бюджеттік мүмкіндіктерімен байланыстырылады екен. Қазірдің өзінде 216 бағдарлама жарияланған. Оның ішінде 19-ы әр қала мен аудан бойынша бекітілген. Сондай-ақ, «Прамериз»қатысты барлық ақпаратты "Прамериз-2020"сайтынан оқуға болады.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар