ПРАЙМЕРИЗ: ЖАРИЯ ПІКІРСАЙЫС

16:06, 16 қыркүйек 2020

Парламент Мәжілісіне депутат болу үшін үміткерлер жария түрде пікірсайыстар өткізуді жалғастырып жатыр. Бүгіннің өзінде 216 сайлау алды бағдарлама жарияланған

Бұндай партия ішіндегі іріктеу республикалық деңгейде алғаш рет өтіп жатыр. Бұл -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы. Осы арқылы «Нұр-Отан» партиясы ел дамуына керекті тың идеяларды айтып, оларды іске асыратын жаңа кадрларды жинамақшы. Қарағанды облысындағы пікірсайыстар қыркүйектің 14 мен 30 күндері аралығында өтеді. Алғашқы 6 үміткер сайлау алды бағдарламаларын ұсынған. Солардың бірі - Бейбіт Досжанов. Ол Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты. Оның 11 жылы «Нұр-Отан» партиясымен бірге өткен. Елдегі көшбасшы саналатын  партияның мүшесі ретінде ол Қарағандыда қауіпсіз әрі ыңғайлы өмір сүруге жағдай жасалуы керек- дейді.

Бейбіт ДОСЖАНОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, үміткер:

- Қарағандыдағы өмірді жақсарту үшін оның бюджетін көбейту керек. Қарағанды үлкен қала. Мен осы сөзді әр кезде де айтамын. Қаланың қорын салық құрайды. Сол себепті де қаланың салық жинау жүйесін бір қалыпты ету керек. Нұр Отан партиясының мүшесі ретінде, барлық күш-жігерімді қаламыздың көркейуіне жұмсаймын. Қарағанды Қазақстандағы ең жақсы қаланың бірі болуы керек.

Бұндай сайлау алды бағдарлама әр үміткерде бар. Барлығы да өңіріміздің өзекті мәселелерін қамтиды. Бұл – медецина, білім және баспана, жұмыспен қамту сияқты  сұрақтар, пікірсайыстың негізгі тақырыбы десекте болады.

Кұдайберген БЕКСҰЛТАНОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, үміткер:

-2025 жылға дейін 4 мектеп салынады. Мектептерді керекті заттармен қамтамасыз етеміз. Мен әлеуметтік қорғау мәселесіне тоқталғым келеді. Әлеуметтің осал топтарын қорғау жөнінде сұрақтар баршылық. Онда қарттар, көп балалы аналар, көп балалы отабсылар, мүмкіндігі шектеулі балалар бар. Біз оларға  көңіл бөлуіміз керек.  

Жоғарыда айтылғандай бүгіннің өзінде Республика бойынша 216 сайлау алды бағдарлама жарияланған. Оның 19-зы біздің өңірден. Оларды «Праймериз – 2020» сайтынан оқи аласыздар. Айта кетейік, праймеризде жеңіске жеткендер кез-келген деңгейдегі мәжіліс пен мәслихат депутаттығына сайлануға мүмкіндік алады.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар