ПРАЙМЕРИЗ-2020

16:59, 18 қыркүйек 2020

Қарағандыда «Праймериз-2020» аясында жария пікірсайыстар жалғасып жатыр. Қатысушылар арасында білім мен денсаулық сақтау саласының және бизнес пен спорт өкілдері де бар. Әсіресе жастар саясатына белсене араласып жүрген азаматтар да осы қатарда. Аталған шарада «Nur Otan» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Жеңіс Қасымбек те төбе көрсетті.

Жас шахтер әрі спортшы Даниэль Диль де бағын сынауға бел буған. Ол бұндай форматтағы шараға алғаш рет қатысып отыр. Үміткер «праймериз жастардың мемлекеттік істерге араласып, үлкен өмірге қадам басуына мол мүмкіндік береді» дейді.

Даниэль ДИЛЬ, үміткер:

-Мемлекет басышсы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі бұл праймеризде жастарға баса назар аударылады деген. Расында, бұл біздің идеямызды іске асыруға жақсы мүмкіндік. 

Пікірсайыста өңірдің өзекті мәселелеріне басымдық берілді. Әсіресе мемлекет басышысының кейінгі жолдауы керегінше талқыланды. Аймақтың экономикалық ахуалын көтеру, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қамқорлық таныту – басты тақырып. Үміткерлер осыларды жүзеге асырудың жолдарын ұсынды.

Қадиша ОСПАНОВА, «Nur Otan» партиясының ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

Праймериз басталғалы Қарағанды облысында 200 үміткер өз бағдарламаларын ұсынып, пікірсайысып үлгерген. Жалпы 857 адам тіркелген. Пікірсайыс аймағымыздың барлық қалаларында өтіп жатыр. Айта кетейік, бұл шараларда санитарлық талаптардың сақталуы қатаң қадағалауға алынған.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
16:34, 23 қазан 2020
"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар