Пошта саласы жаңа қызмет түрлерін көрсете бастады

18:57, 16 наурыз 2017

Қазақстан қалаларындағы 102 филиаллың жұмысы жаңғыртылған. Қарағанды мен Саран қалаларындағы бөлімшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Замауни технологиямен жабдықталған залдарда сәлемдемелерге арналған арнайы жәшіктер орнатылған

Енді ұзын сонар кезекте тұру немесе хат-хабар жіберу мен қағаз толтыру сияқты қызметтер оңтайландырылып отыр. «Қазпошта» жаңа жүйеде жұмыс істеуге көшті. Біздің облыстағы Қарағанды мен Саран қалаларындағы бөлімшелер жаңғыртылып, бүгін есігін айқара ашты. Онда қызмет түрін қолданушылар көп күтпей,  жедел түрде қаржылық қызмет түрлерін пайдалана алады. Ең бастысы -мынадай әдемі «супермаркеттер» пайда болды. Бұл келген сәлемдемелерді тез алуға өте қолайлы.

Сарандағы пошта саласының жұмыс жүйесімен Саран қаласының әкімі де танысты. Әкімге енгізілген жаңашылықтар туралы сала мамандары түсіндіріп берді. Бір айта кетерлігі,бұл оңтайландыру қызмет көрсету сапасын анағұрлым арттырып, уақытты үнемдеуге үлкен мүмкіндік береді.

Сарандағы «Қазпошта» саласының түбегейлі жаңартылған қызмет түріне қала тұрғындарының да  көңілі толып отыр.

Республика бойынша жаңғыртылған жаңа жүйеге 400 пошта бөлімшесі көшсе, оның 200-і елді -мекендерде орналасқан, мұның 20-сы біздің облыста орын тепкен.

Сейітқали ӘШІМ

Тақырып бойынша материалдар

«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ КӘСІПҚОЙ БОКС КЕШІН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТЕДІ
16:56, 17 қазан 2017
«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қарағанды қаласында  «Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап сыйла» атты акция басталды
16:32, 13 қазан 2017
Қарағанды қаласында «Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап с...
Толығырақ...