ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

17:06, 29 қараша 2019

Тұңғыш президент күні - облыстық полиция басқармасында да атап өтілді. Мерекелік шарада Елбасымыздың тәуелсіз мемлекетімізге сіңірген зор еңбегі айтылып, мамандығына адал шеңділер марапатқа ие болды

Сөз басын әріптестерін құттықтаудан бастаған полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин жыл қорытындысы сәтті аяқталып жатқанына тоқталды. Аймақтың бірінші полицейі форма иелеріне  табыс тілеп, жылы лебіздерін жеткізді. Бұл күні Ішкі істер органдарының 178 қызметкері ерекше қошеметке ие болды. Мереке қарсаңында міндетін мүлтіксіз орындап, көзге түскен әскерилер марапатталды. Борышына адал полцейлердің қатарында Ерлан Амалбаев та бар. Ол ағымдағы жылдың 4-ші шілдесі күні, кездейсоқ қиналып жатқан азаматқа көмек көрсетіп, өмірін құтқарып қалған болатын. Бүгінде еңбегі еленіп, батыл азаматтың ерлігі көпке үлгі ретінде насихатталуда.

Ерлан АМАЛБАЕВ, потрульдік полиция полкінің инспекторы:   

-Мен адамдарды бір-бірінен ешқашан бөлмеймін. Біріншіден бұл менің жұмысым, екіншіден жаны қысылғанға менің орынымда болса өзгеде азаматтарда дәл мен сияқты көмек қолын созады деген ойдамын.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар