ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚҰТҚАРЫП АЛДЫ

17:04, 13 ақпан 2020

Қарағандылық полицейлер өз өмірімен қоштасқалы тұрған тағы бір ер азаматты аман алып қалды. Ащы суға сылқиып тойып алған ол, көпқабатты үйдің төбесіне шығып алып, 20 минут бойы отырған. Сол маңда жүрген полицейлер дереу хабар алысымен құтқару жұмыстарына кірісіпті

Бұл кадрларда екі бірдей полицейдің еш бір сақтандыру белдігінсіз, өмірін қатерге тігіп келе жатқаны анық көрінеді. Сорақысы сол, ер азамат шатырдың ең шетінде отыр. Ал жауған қар болса жағдайды едәуір қиындатқан. Деседе қызыл жағалылар құқық бұзған азаматты арашалап қалу жолын тапты.

Дамир ОРАЗОВ, патрульдік полиция полкінің қызыметкері:

- Сағат 18:20 шамасында жедел әрекет ету орталығынан хабар келіп түсті. Онда Гоголь көшесінің бойындағы үйден ер азамат секіріп кетпек деген хабарлама болды. Оқиға орнына келіп, үйдің төбесіне шығып, өз жұмысымызға кірістік. Қасымдағы әріптесім оны сөзге айналдырып, қолынан ұстап тартып алдық. Кейін жедел жәрдем шақырдық.

Полицейдің қасында болған серіктесі қарулы күштер қатарына енді қабылданған, стажер екені белгілі болды. Алайда, оған қарамастан, Тимур Сұлтанғазы да барын салған. Осылайша олар 31-жастағы қарағандылықты аман алып қалып отыр.

Тимур СҰЛТАНҒАЗЫ,  патрульдік полиция полкінің қызыметкері:

- Ол ішкі киіммен ғана отыр екен. Біз көршілерден оның қасына баратын кілтті сұрадықта, оны тауып, жоғары көтерілдік. Ер азаматты көріп қалғаннан кейін бірінші болып іске кірістім, ал серіктесім мені ұстап тұрды.

Қазір құтқарылған азаматтың 1-ші дәрежелі үсік алғаны мәлім болды, Ал, өз ісін мүлтіксіз орындаған полиция қызметкерлеріне әлеуметтік желідегі оқырмандар шексіз Алғысын білдіріп, жұмысына сәттілік тілеуде.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар