ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ПЫСЫҚТАЛДЫ

17:08, 4 қазан 2019

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен медициналық сақтандыруға дайындық барысына арналған кеңес өтті.Қарағанды облысы бойынша алғашқы болып енгізілген пилоттық жобаның жұмысы қалай жүргізіліп жатыр? Бұл жайлы денсаулық сақтау министрі арнайы келіп есеп берді. Сонымен қатар өңірдегі өзекті мәселелер қаузалды

Бірінші болып  Премьер-Министр орынбасарының алдында  ҚР Денсаулық сақтау министрі сөз алды. Елжан Біртановтың сөзінше,  медициналық сақтандыру жүйесі бойынша халықтың 90% медициналық көмекпен қамту жоспарлануда. Денсаулық сақтау министрлігі жыл соңына дейін пилоттық жобаның жұмысына мониторинг жасау және анықталған мәселелерді  шешуді жалғастыратын болады.

Елжан БІРТАНОВ, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Бүгінгі таңда жұмыс берушілер жарнасы 213 млрд теңге түсті. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысын жүйелі жүргізіп, ретке келтіруге мейлінше мүмкіндік берді.

Премьер министрдің орынбасары Бердібек  Сапарбаев әр облыс әкімдерінің орынбасарларына ауылдағы техникалық дайындықты толық қамтамасыз етілсін деп тәптіштеп тапсырды. Сондай – ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруда ақпараттық жүйенің  аса маңызды екенін де тілге тиек етті.

Бердібек САПАРБАЕВ, Премьер-министрдің орынбасары:

-  Қазір ол баяғы заман емес. Барып тіркеліңіз. Тіркелмесеңіздер болмайды деп ауылға жету  керек.

Пилоттық жобаны алғашқы болып енгізген Қарағанды облысында бірінші айдың қорытындысы бойынша 15 мыңнан аса тұрғын дәрігерге қаралған. Диагностикалық зерттеулерден әр сайын 1265 қызмет көрсетілсе, өткен айда ол көрсеткіш 22 пайызға өскен.

Алмас АЙДАРОВ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

- Ең бастысы – цифровизацияның деңгейі . Себебі, онсыз пилоттық жүйені енгізуге мүмкіндік болған жоқ. Қазіргі кезде біз интернеттің ену алаңын деңгейіне дейін жеткіздік. 100 пайыз шамамен айтқанда 95 пайыз.

Пилоттық жүйенің  алғашқы апталары жақсы нәтиже берді. Медициналық ұйымдардан жобалық кеңсеге ведомствоаралық өзара бірлескен жедел шешім қабылдауды талап ететін бірқатар өзекті мәселелер түскені жайлы да сөз қозғалды. Дегенмен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін облыс жұмысшыларының 87,8 пайызы мағлұмат алды. Өзін – өзі жұмыспен қамтылғандар 45 пайыз және  жүйеге оң көзқарас танытқандары саны 65 пайызды құрап отыр.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар