ПИК - ЖҰМЫСЫ МАРДЫМСЫЗ

19:15, 13 қыркүйек 2017

Бұқар жырау көшесі 74 үй тұрғындары өздеріне жауапты пәтер иелері кооперативі жұмысына көңілдері толмайды. Соңғы жылдары жөндеу, тазалау жұмыстарын жүргізбеген ұжымның кесірінен жұрт сасық жертөле мен тесік шатырдың ортасында тұрып жатыр

Бұл Бұқар жырау көшесі №74 үйде 20 жылдай тұратын тұрғындардың бірі. Айтуларынша, жертөледегі сасық иістен құтылғанына күннің біршама салқындағанына септігін тигізген. Әйтпесе, жаз бойы жағымсыз иіс жертөледен аумаққа түгел тарап, елдің мазасын қашырыпты. Одан бөлек, жауын жауса шатырдың шұрқ тесіктерінен, су тамшылап үйге ағатыны тағы бар. Облыс орталығының маңызды көшесінде орналасқан бұл көпқабатты үйдегі кемшіліктерді тізбектеп көрелік. Жертөлесінде жарығы жоқ, күл қоқысқа толы. Оның үстіне ПИК-і жауапсыздығынан бірнеше ай сасық иіс шығып келді. Үйдің тесік шатырының өзі елді жаңбыр жаумасын деген тілекпен отыруларына мәжбүр етуде. Сасық жертөле мен тесік шатырдың ортасында тұрып жатқан жұрт жанайқайын жергілікті билікке де құлағдар етіпті.

Валентин КАРЕНИН  қала тұрғыны

Ыстық су мүлдем жоқ. былтыр ағытқаннан бері. Барлығымызда еш қарызымыз жоқ. неліктен пәтер иелері кооперативі осындай қарым қатынасқа бырып отырғанын білмедім. Өз қаражатымызға ауланы жөндеп алдық. Өткенде үй төбесінен қабырғаның үгіндісі құлады. Әбүйір болғанда аумақта адам болмады. Біреуді жазатайым етуі ғажап емес еді.

Түсірілім тобымен бірге жертөлені аралап, жағдаймен жан жақты танысқан «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС мамандары мәселені қатаң назарға алатындарын жеткізді. Тұрғындардың басым бөлігі «Т.Т Каараганда» мекемесінің аталмыш үйді қысқа дайын деген ұйғарым шығарғандарына наразы.  Дегенмен, компанияның өкілдері бұзушылық фактілерін жоққа шығармайды.

Иван ВОЛОШКО   «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС-нің бас инженері

Жертөле шынымен мұндай жағдайда болмауы қажет. Жарықта жоқ. жағдайды жан жақты саралап, қорытынды шығару керек. Атқарушы органдарға шағымдану қажет.

Осылайша, көп қабатты үй тұрғындары жылусыз қаламызба деген үрейде жоқ емес. Олар жағдай жақын аралықта шешілмесе, тұрғын үй инспекциясына шағымдануға дайын. Ал, жауапты ПИК бізге де уәде еткенімен, түсірілім уақытында қарасын да көрсетпеді. Тіпті, қар түскенше қорытынды шықпаса ПИК-нен үзілді кесілді бас тартамыз деп отыр. Барлық жағдайды назарда ұстайтынымызды атап өткен жөн.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Жезқазған қаласында биылғы оқу жылында 5 мектепте  робототехника сыныбы ашылды
17:45, 20 қыркүйек 2017
Жезқазған қаласында биылғы оқу жылында 5 мектепте робототех...
Толығырақ...