ПӘТЕР СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

14:01, 15 наурыз 2019

Қарағанды қаласында көп балалы отбасыларға пәтер кілті табысталды. Енді олар жаңа құрылысты баспанада тұратын болады

Бизнесте әлеуеметтік жауапкершілік болу керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қойған міндет бұл. Ірі құрылыс компаниясы «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалымен бірлігіп, көпбалалы отбасыларға пәтер кілтін табыстады.  

Игорь КАЧАЛОВ, серіктес компания:

-Біз көпшілік жаңа қымбат пәтер салып алуға жағдайлары келметінін білеміз. Сондықтан біз 5 баласы бар отбасыларды таңдап алып, сыйға тартып отырмыз.  

Нұржан Қасымов  енді қоныстойын атап өтеді.   Бұдан былай жалдамалы пәтер ауыстырып, көшіп қонып дал болмайды. Оның үстіне ерлі -зайыптылардың бір баласы мүмкіндігі шектеулі жан.  Жаңа салынған баспанадан бұл отбасыға 3 бөлмелі пәтерді сыйға тартты. 

Нұржан ҚАСЫМОВ, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Маған звондады "Нұр Отан" партиясынан. Сіздің бесінші балаңыз туылып жатыр екен және инвалид тәрбиелеп жатыр екенсіз деп. Содан кейін төбем көкке жетті. Біріншіде сенбедім енді. Бүгін міне Құдайға шүкір. Болашақта Аллаға бұйыртса және мен өзім құрылысшымын. Қарағандыны көркейтуге ат салысамын.

«Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы   құрылыс компаниясымен меморандумға отырған. Себебі көшбасшы партияның негізгі міндеттерінің бірі аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету. Нәтижесінде олар қайырымдылық шараларына ірі компанияларды жұмылдыруға тырысады.

Қадиша ОСПАНОВА, «Nur Otan» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

-ҚР Президенті бизнесте әлеуметтік жауапкершілік болу керектігін  үнемі айтады. Осы құрылыс компаниясының мысалында біз басқа да компанияларды осындай қайырымдылық шараларына қатысуға шақырамыз.  Қазір мұнда 1000-нан астам  адам жиналғандықтан оларға бұл ілкімді істің маңыздылығын түсіндіретін боламыз.

Қарағанды облысында 1200 көп балалы отбасы баспана кезегінде тұр.  Арасынан меценаттар кім пәтерге  қатты мұқтаж екендігін анықтап, таңдап алған. 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар