ПАВЛОДАР ТЕАТРЫ ҚАРАҒАНДЫДА

13:35, 3 қазан 2019

Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры аймағымызға гастрольдік сапармен ат басын тіреді. Киелі өнердің тізгінін ұстаған театр майталмандары 1, 2 қазан күндері Қарағанды қаласында өнер көрсетті. Ал бүгін, қазанның 3-ші жұлдызында Теміртауда қойылым қояды

30-жылдық тарихы бар театрдың жетістіктері де аз емес. Мәселен, қаламызда премьерасы болған «Балалық шаққа саяхат» спектакльі  Семей қаласында, Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына орай өткен республикалық драма театрлар арасындағы байқаудан «Үміт» номинациясын жеңіп алды. Ал, балаларға арналған «Жеті ойыншықтың жеңісі» атты қойылым Елбасы Н.Назарбаевтың «ұлы даланың жеті қыры» мақаласының желісінде қойылады.

Жангелді САДЫҚОВ, Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры режиссері:

-Біз  Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры Павлодар қаласынан осы Қарағанды қаласына гастрольдік іс-сапармен келіп отырмыз. Қалаға қазан айының 1, 2 және 3 жұлдызында Теміртау қаласында өнер көрсетеміз.

Рахат ЖҰМАХАНОВ, театр әртісі, «Үздік жас маман» төсбелгісінің иегері:

-Міне, бүгін Қарағанды қаласына гастрольдік сапармен Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» спектакльімен келіп қалдық. Сол спектакльде Бердібектің рөлін – басты кейіпкерді сомдадым. Кеше бірінші күні ойнадық, Қарағанды халқына, өте жақсы қабылдады.

Нұркен ТҰРЛЫБЕК ТЕГІ, әдеби-драма бөлімінің меңгерушісі:

-Алдағы уақытта көптеген жоспарлармен Қазақстан бойынша шығуға ниет танытып отырмыз. Бұл жоспар іске асатын болса, біз Қазақстанның кез-келген жеріне баруға дайынбыз.

Құндыз ҚАНАҒАТҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар