ПАЙДАЛЫ, ДІНИ СЕМИНАР

13:54, 9 шілде 2019

Қарағандылық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері діни сауаттылығын арттырды.Журналистерге сарапшы мамандар аталған саладағы теологиялық терминдердер мен ақпаратты обьективті берудің тетіктерін тәптіштеп түсіндірді.Аталмыш семинарды облыстық дін істері басқармасы ұтымды ұйымдастарды

Бұл жолғы семинардың орыны бұрынғылардан өзгерек. Жиында Дін істері комитеті мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы ақпараттық жұмыс бөлімінің жетекшісі  қоғамдағы өзекті мәселелерді тереңнен қаузады. Диана Есенова журналистерге діни саладағы  терминдер түпкі мағынасы мен бұқаралық құралдарында дұрыс насихаттаудың жолдарын  нақтылап жеткізді.

Диана ЕСЕНОВА, Дін істері комитетіндегі ақпараттық жұмыс бөлімінің жетекшісі:

-Дін тақырыбын жазу қиын екені рас.Шыны керек кейбір әріптестердің кейде сауаты жетіспей жатады. Сондықтан олар мәселеге зерттеу жүргізе алмайды.Сөздердің мағынасы ажырата алмай қалатыныда жасырын емес. Түптеп түсінгенге  бұл семинардың пайдасы орасан зор.

Мақпал Орынбетова  Жезқазған қалалық  «Дидар» телеарнасының редакторы болып қызмет жасайды.Діни бірнеше бағдарламалардың авторы. Ол бүгінгі семинардан  біліктілігін арттырумен қатар діни танымында жетілдіргенін  айтады.

Мақпал ОРЫНБЕТОВА, Жезқазған қалалық «Дидар» телеарнасының редакторы:

-Семинар басқарма тарапынан ұдайы ұйымдастырылып отырады.Мұның бізге берері өте мол. Діни тақырыпты берердің алдында  журналистердің сауаты жоғары болуы керек.

Ашық пікір алмасу форматында өрбіген семинарда тілшілер баспасөзде жарияланған мақалаларға жан-жақты талдау жасады. Бір сөзбен айтқанда діни айшықты ақпаратты бұрмаламай, қарапайым тұрғыда айқын фактімен  жазудың тетіктерін үйренді.

Нұрлан БИКЕНОВ, облыстық дін істері басқармасының жетекшісі:

-Біріншіден дін мәселесі жөнінде ақпарат беру. Діни саясатты түсіндіру  бойынша  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен мамандар шақырттық.

Жиыннан бұқаралық ақпарат құралдары тек мол мағлұмат алумен шектелмей білікті мамандармен тәжірибе алмасуға мейлінше  мүмкіндік алды. Келешекте аталған семинар  еліміздің әр өңірінде жалғасын табады. Айта кетейік елімізде бүгінде 3328 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар