ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

16:47, 9 қыркүйек 2019

Саяжай иелерінің барлық сұрақтары шешілсін! Облыс әкімі Ерлан Қошанов кезекті аппаратты жиында қарамағындағыларға осындай міндет жүктеді. Сондай – ақ, аймақ басшысы жеміс – жидек пен көкеністерді жинау науқанында автобус бағыттары бөгетсіз жүріп тұру керектігін де атады. Бұдан бөлек, жиналыста медициналық сақтандыру, «Ауыл бесігі» бағдарламасы секілді өзекті тақырыптар талқыға салынды

Қарағанды өңірінде 13 мыңға жуық саяжай бар. Оның иелері өнімдерінен өз нәпақаларын көруде. Бүгінде сортаң жерді мәуелі баққа айналдыра білген жандардың өзекті мәселелері де біртіндеп шешім тапқан. Федоров саяжайымен екі ортаны жалғайтын көпір жөндеуден өтіп, 1 қазанға дейін Соқыр өзенінің маңын тазарту жұмыстары тәмамдалмақ. Алдағы уақытта бағбандардың сұрақтары уақытынан бұрын шешімін табуы тиіс – деді облыс әкімі.

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

-Қарағанды әкіміне саяжай иелерінің проблемаларын кешенді қарауды және оларды шешу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды тапсырамын. Келесі саяжай маусымы олардың тарапынан шағымдар мен ескертулерсіз өтуі тиіс. Көптеген саяжайлар өз өнімінен қысқа дайындап, отбасылық бюджетке жүктемені төмендетеді. Біз оларға көмектесуіміз керек. Мен қанша рет айттым. Қала әкімімен ол жерге бірге бардым.

Аппараттық жиында өзге де өзекті мәселелер тілге тиек болды. Олардың қатарында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының іске асырылу барысы көш бастады. Ағымдағы жылы ауыл – аймақтағы ағайынның өмір сапасын арттыру мақсатына 1,5 миллиард теңге көлемінде қомақты қаржы бөлініп отыр. Атасу, Нұра және Ұлытау аймақтарында жолдар жөндеуден өтіп, әлеуметтік инфрақұрылым нысандары қалыпқа келтірілуде. Сондай – ақ, жарық шамдар орнатылуда. Алдағы жылы осындай сипаттағы жұмыстар Ақтоғай, Қарағайлы және Осакаровка аудандарында жүргізіледі деп жоспарлануда.

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

-Біз осы елді мекенде "Ауыл - ел бесігі" аясында барлық мәселелерді шешуіміз керек. Ірі фирмалар мен шаруашылықтар өз үлестерін қосуы тиіс. Әкімдермен етене жұмыс жасау керек.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру сұрағы да маңыздылар қатарынан көрініс тапқан. Жоба облыста қыркүйек айынан бастап сынақтан өтуде. Соның арқасында тұрғындар көптеген медициналық қызмет түрін тегін ала алады. Дегенмен, қиындықтар да жоқ емес.

Ержан НҰРЛЫБАЕВ, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

-Соңғы 12 айда аударым жасаған жұмыс берушілердің барлық саны-  23 949, бұл ретте 19 470 жұмыс беруші соңғы 3 айда аударым жасаған. Осылайша, төлемді уақытылау жасамағандықтан, МӘМС жүйесінен 4479 жұмыс беруші тыс қалуы мүмкін. Мұндай жағдай, жұмыс берушілерді салық және еңбек заңнамасы арқылы міндеттемегендіктен туындап отыр.

Облыста медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге бюджеттен  2,3 миллиард теңге бөлінді. Жоба табысты жұмыс істеу үшін, сақтандырылған тұрғындардың саны 80% - дан кем болмауы керек.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
17:14, 20 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар