ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

17:23, 13 мамыр 2019

Қарағанды облысында жыл соңына дейін 560 көп балалы отбасы қоныс тойын жасайды.Аймақтағы 27 отбасы қазірдің өзінде арендалық тұрғын үйлерге кіріп үлгерген. Бұл туралы бүгін аппаратық жиында айтылды. Осы айдың соңына дейін тағы 106 көп балалы жанұяға пәтер кілті тапсырылады

Арендалық тұрғын үйлерге республикалық бюджеттен 2,1 млрд. теңге бөлініпті. Бұл қаражатқа кезекте тұрғандар үшін 11 нысан яғни, 520 пәтер салынады. Биылғы жылы тұрғындардың әлеуметтік осал топтары мен көп балалы отбасылар үшін 260 пәтер пайдалануға беріледі. Деседе облыс әкімі кей өңірлерде берілетін баспана саны  тым аз екенін айтып сынға алды.

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

-Бұл құрылыс салынып жатқан ірі қала үшін аздық етеді.  Теміртау, Жезқазған, Балқаш қалаларында құрылыс көлемін арттыру керек.

Аппараттық жиында егістік алқабын ұлғайту жайынды мәселе айтылды. Егін егу маусымын осы айдың 25-нен кешіктірмеу керек. Облыс бойынша 40 мың гектарға жуық алқапқа бидай, тары, сұлы дақылдары егілді. Бұған қоса, картоп пен көкөніс отырғызу жұмыстары жүріп жатыр.

Сағынжан АПАҚАШЕВ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

-Егістік көлемі өткен жылмен салыстырғанда 57 мың гектарға артып, 967 мың гектар алқапты құрайды деп межеленген. Дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар 52 мың гектарға ұлғайып, 885 мың гектар алқапқа себіледі. Майлы дақылдар да 1200 гектарға ұлғайады.

Сондай-ақ, Ерлан Қошанов заңсыз ойын автоматтарына қатысты проблеманы да тілге тиек етті.Аймақ басшысы  твитер жеке парақшасындағы ойын бизнесіне қатысты тұрғындар шағымын мысалға келтірді.Әкім бұл мәселені  экономикалық тергеу департаменті назарға алуды тапсырды.

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

-Менің Твиттердегі аккаунтыма Қарағандының бір тұрғыны дүкендерде ойын аппараттарын жиі орната бастағаны туралы жазған болатын. Бұл өте маңызды мәселе. Құмар ойындар әлеуметтік дерт екені баршаға мәлім, себебі ол көптеген отбасыларды қайғылы жағдайға душар етеді. Ең бастысы, бұл жерде заңсыз қызметтің өркендеп кетпеуі керек.

Дәулет ТАТУБАЕВ, экономикалық  тергеу департаменті басшысының м.а:

-ҚР ҚК- не сәйкес осындай ойын автоматтарын заңсыз ұйымдастырушыларға, және оларға дүкендерде заңсыз орн бергендерге қатысты қылмыстық жауапкершілік қаралған. Біз бизнес өкілдерімен бірге түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Прокуратура мен БАҚ өкілдерімен бұл жұмыстар жалғасады.

Биылғы жылы Қарағанды қаласында 100 аула жөнделеді. Ерлан Қошанов соңғы кезде әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан «-неге біздің аула жөнделмейді» -деген заңды сауал көбейгенін айтты. Осы орайда,қала әкімі Нұрлан Әубәкіров  аула аумақтарын абаттандыру бойынша үш жылдық жоспардың қалай  іске асырылғаны туралы баяндады. Биыл тағы 100 , 2020-шы жылы 123 ауланы жөндеу жоспарланған- деп мәлімдеді ,ол. Осылайша, келесі жылдың соңына қарай Қарағандыда барлық аулалар ретке келтірілуі тиіс.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар