ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

16:02, 9 желтоқсан 2019

Биылғы жыл қорытындысы бойынша экономикалық - әлеуметтік дамуды 5,2% - ға өсіру міндеті тұр. Саланың базалық тетіктерін ескере отырып, жыл ішінде жоспарланған индикаторға қол жеткізіледі деген үміт бар. Алайда, ішкі мәселелер бойынша бірқатар салаларда төмендеу байқалады. Ол жайында бүгінгі аппараттық жиында айтылды

Болат өндіру бойынша өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш біраз төмендегені байқалады. Өндірісті өлкенің индустрия төңірегіндегі бұл мәселелер негізінен әлем бойынша аталмыш металл бағасының төмендеуінен деп отыр. Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім өндірісі 1,8 трлн.теңгені, нақты көлем индексі 99% деңгейінде жоспарланып отыр. Алайда облыс әкімі бұған қанағаттанбайтынын жеткізді.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

- Индустриялды аймақта біз өткен жылғы межеге жете алмай отырмыз. Мен екі ай көлемінде, «келесі айда осы межеге жетеміз» дегенді естіп келдім. Енді міне, жыл соңына да санаулы күн қалды? Бұған не себеп сіздер маған 104-105 пайызға жетеді дегенсіздер. Ал, қазір біз тіпті 100 пайызға жетпеппіз.

Осы кезеңде 372,8 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы сәйкесті кезеңмен салыстырғанда 103%.  Деседе ,бірқатар өңірде мемлекеттік тұрғын-үй салу бойынша төмен көрсеткіш байқалады.

Тайхан  ҚАЛМАХАНОВ, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

- Осакаров,Қарқаралы,Балқаш бойынша  көрсеткіш биылғы жылға шықпайды. Себебі құрылыс жоқтың қасы. Жеке тұрғын үй құрылысы да, когммерциялық тіпті бағдарлама бойынша құрылыс жоқ. Тек келер жылы құрылыс жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, аппараттық жиында облыс бойынша тәуелсіздік мерекесін атап өту жайы да қаралды. Мереке аясында облыс бойынша 200-ге жуық адам пәтер кілтіне ие болады. Оның тек 120-сы Саран қаласынан. Биыл Жаңа жыл мерекесіне дайындық тек Тәуелсіздік мерекесі өткеннен кейін басталмақ.

Нұрлан РЫСТИН, ішкі саясат басқармасының басшысы:

- Атап өтер жайт, Қарағанды облысында Жаңа жыл мерекесіне дайындық шаралары текқана Тәуелсіздік мерекесі аталып өткеннен кейін, яғни 18-ші желтоқсаннан басталуы керек. Тәуелсіздік мерекесі аталып өтпейінше мемлекеттік мекемелердің алдына шырша тігуге тиым салынады. Бұл басты меркеге деген құрметті арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ 70 млн теңге шамасындағы қаржыға 20 мыңға жуық аз қамтылған және көп балалы отбасылар, зейнет жасындағы жалғыз басты және мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық науқаны жүргізіледі. 51 адам мемлекеттік награда алмақ. Шараның барлығы БАҚ өкілдерінде көрсетіліп, тіпті оған танымал блогерлер тартылады.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар