ОЗАТ ОҚУШЫЛАР ОЛИМПИАДАСЫ

17:43, 12 ақпан 2019

Қарағандыда жалпы пәндер бойынша облыстық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

Енді облысымыздың 75 оқушысы республикалық деңгейдегі байқауға қатысатын болады. Марапаттау рәсімінен тілшіміз тарқатады.

Қаңтар айының басында өткен олимпиаданың облыстық кезеңінде Қарағанды қаласының 20 оқу орындарынан 75 оқушы білімдерін сынады. Олардың ішінде 54 бала жүлделі орындардан көрінді. Қуантарлығы, Қарағанды қаласының командасы 12 жыл қатарынан  «Үздік олимпиадалық команда»  атағына ие болып отыр.

Раиса КЕНЕШОВА, Қарағанды қаласының білім бөлімі басшысының м.а

-Қарағанды облысы басқа аудандармен салыстырғанда өзіндік орны бар. Білім саласында да жоғары. Биылғы олимпиадада 10 бірінші оырн алуымыз үлкен жетістік.

Олимпиадалық жүйе нәтижесінде «Жылдың үздік олимпиадалық командасы» болып №93 гимназия атанды. Білім мекемесінің оқушылары  38 орын алған.  Сондай-ақ,   № 97, 38, 39, 3, 92 гимназиялар, № 2 лицей, № 101 МЛ командалары үздік жетістіктерге қол жеткізді.

Жәнел ҚАБДИНОВА, №93 мектептің  10-сынып оқушысы

-93 гимназия жыл сайын үздік жетістік көрсетуде. Осы жылы 8-11 сынып арасында 18 жүлдегер, облыстық пән олимпиадасында 17, республикалық олимпиадаға 7 жүлдегер  барады.

Ең үздік 75 бала республикалық олимпиадаға жолдама алды. Білім додасы наурыз  айында Қызылорда мен Ақтөбе қалаларында өтеді.

 Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС КӨП, МӘСЕЛЕ ДЕ АЗ ЕМЕС
18:40, 13 ақпан 2019
ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС КӨП, МӘСЕЛЕ ДЕ АЗ ЕМЕС
Толығырақ...