ӨЗ ӨЛКЕҢДІ ДӘРІПТЕ

13:25, 15 мамыр 2019

Саран қаласының мектептері «Рухани жаңғыру» бағдарламасын білім ошақтарында дамыту жолдарын ұсынады. Тәжірибелерін облыстық семинарда аймақтағы мектеп мұғалімдерімен бөлісті. Ал Қарағанды мемлекеттік университетінің тарихшылары мен оқу әдістемелік орталығының сарапшылары бірегей жобаларға оң бағасын беруде

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын  өлкетану қызметі арқылы дамыту қажет. Бұл бастаманы   Саран қаласындағы №17 мектеп ұжымы ұсынып отыр. Облыстан жиналған мұғалімдерге осы бағыттағы тың жобаларымен таныстырды. Оқушылар Қазақстанның киелі жерлерінен ақпарат беретін журналдар дайындаған. ҰОС ардагерлерге құрмет ретінде фотоальбом шығарған.

Валентина БОЙКО, мұғалім:

-Біз оқушылармен бірге мынандай ойын ойлап таптық. Мысалы мына карточкаларда шаһардың мәдени орындары  бейнеленген. Қосымша номерлер бар. Біздің қаланы білмейтін  адамдар карточканы алғанда төбеде көрсетілген номерді қарайды да, арнайы кітапшадан сол номерді тауып, бейнеленген сурет жайлы толық ақпарат ала алады.

Ал мына көрмеде Саран қаласындағы әр мектептің  жұмысы қойылған. Мұнда еліміздегі киелі орындарындарды оқушылар  жасаған.  Қолданылған материалдары әртүрлі.  Мәселен Қожа Ахмет Яссауй кесенесін пластиктен, Жошы хан мазарын кардоннан, Игілік би Өтепұлының  кесенесін  балшықтан бейнеленген. Талапкерлер өз  жұмыстары  арқылы  Қазақстанның тарихымен  әрі танымал тұлғаларымен танысады дейді,- ұйымдастырушылар.

Никита МАКСИМЕНКО, тарих пәнінің мұғалімі:

-Бұл жабны одан әрі жалғастыра береміз. Себебі бастама оң нәтижесін беруде. Мысалы біздің мектептің оқушылары қалалық олимпиадаға қатысқанда Қазақстанның киелі жерлері туралы сұрақтарға мүдірмей жауап беріпті. Бұл жетістік.

Сәкен Сейфулиннің 125 жылдығына электронды оқулық та шығарылыпты. Әр адам Saken.tk  сайтына кіріп   ақын -жазушының өмірімен және  шығармашылығымен таныса алады. Ал, аграрлық зертханада оқушылар өсірген мына екі түрлі  гүл Саран қаласындағы мәдениет үйінің алдына отырнатылмақ. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  «туған жер» жобасы аясында жүзеге асырылмақшы.

Гүлнұр Оразбекова, ҚарМУ-дың ғылыми қызметкері:

-Бізге ұлттық өнерді көрсметті. Балалар өз қолымен тұмарды жаап, көрсеті. Тоңазытқыштарға жапсыратын магниттар көрсетті. Біздің ұсынысыз бірі осы балалардың еңбектерін стартап ретінде ұсыну.

Семинар жұмысына және Саран қаласының білім ұжымдары ұсынған жобаларға респубикалық комисия мүшелері мен оқу әдістемелік орталығының сарапшы мамандары оң бағасын берді. Енді бұл бірегей бастамаларды семинарға қатысқан мұғалімдер өз мектептерінде жүзеге асыруы тиіс.  

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар