Өткен жылы облыс орталығы, Қарағанды қаласының орталық жолдары жөндеуден өткен

15:53, 13 ақпан 2018

Көптеген демалыс орындары ашылып,абаттандыру жұмыстары жүргізілген

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтерген. Бұл турасында Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіровтің халықпен кездесуінде белгілі болды. Аталған жұмыстар одан әрі де жүргізіле береді деді,-шаһар басшысы.Сонымен қатар,көшелерді жарықтандыру және қаланы абаттандыру жұмыстары жалғаса  береді деді,-Нұрлан Әубәкіров халық алдында берген есебінде. Шағын және орта бизнес облыс орталығында қарқынды дамып келеді. Қарағанды ​​кәсіпкерлері «Бизнестің жол картасы 2020» және «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай  кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламаларының көмегін сезінуде.  Өткен жылы 17 бизнес нысандары ашылып пайдалануға берілген. Сонымен қатар, Қарағанды ​​қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров спорт, денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй құрылысы саласындағы жетістіктер туралы халыққа айтып берді.

Нұрлан Әубәкіров Қарағанды ​​қаласының әкімі

Жыл басынан бері 132 отбасы баспанаға қол жеткізді.Жыл аяғына дейін Бауыржан Момышұлы көшесі бойындағы үш үйді пайдалануға бере отырып, Күзембаев көшесіндегі жалдамалы үйді тапсырамыз. Сонымен қатар, Майқұдықтағы 12,14,15 ықшам аудандардағы тұрғын-үй құрылыстары аяқталады.

Көлік инфрақұрылымын дамыту шаһар үшін өзекті мәселелердің бірі. Өткен жылы  250 көше және  210 әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар жөнделген. Ал биыл 54 учаскелік жолға жөндеу жұмыстары жалғасатын болады. Сонымен қатар, Волочаевская, Карл Маркс және 7-шi жол магистралінің құрылысы қарқын алмақшы.  Тағы бір маңызды жоба – Майқұдықтағы республикалық «Шығыс айналма жолын» күрделі жөндеуден өткізу қолға алынбақ.

Қарағанды қаласын жарықтандыру одан әрі жалғасады.​​  Бұл мәселе қазір көптеген шаһар ​​тұрғындарын алаңдатып отырғаны белгілі.

Надежда СОРОКИНА  қала тұрғыны

Барлығы әдемі сөйлейді.Шахтер кентінің байырғы тұрғындары тұрақты түрде тұрып жатыр, ал жастар жағы басқа жақтарға көшіп кетуде. Өйткені, олардың пеш жаққысы келмейді.Көктем мен күз айларында жарық болмайды.

Нұрлан Әубәкіров Қарағанды қаласының әкімі

Биылғы жылы қосымша қаржы бөлінді.Бұл сұрақтың түйінін толықтай шешеміз. Сметалық құжаттары рәсімделу үстінде.

Есепті кездесуде, әкімге өтініш білдіргендер саны аз болған жоқ. Зағиптар қоғамының президенті мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қауіпсіздік мәселелерін шешуді ұсынды. Сонымен қатар ерекше қамқорлықты қажет ететін жандарға автотұрақтың жоқтығы өткір тұр.   Көптеген тұрғындар жаяу жүргіншілер жолынан  өтуде қиындықтар барын алға тартты.  Яғни, Методикалық көшесінде бағдаршамның жоқтығы да айтылды.   

Асхат ЕГЕУБАЕВ «Зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі

Бұл мәселені бірнеше рет көтеріп отырмын. Ешқандай шара қолданылған жоқ. Жол жақсы, бірақ жаяу жүргіншілерді өткізуде қиындықтар тудындауда. Бұл жерге бағдаршам қою қажет.

Нұрлан Әубәкіров Қарағанды қаласының әкімі

Егер талаптарға сай болса, оны қарастырамыз.Бірақ ол жерге бағдаршам қоюға болмайды. Бұл сұрақты басқаша  шешеміз. Негізі ол жерде  жол көрінісі жақсы.

Әкімнің   есепті кездесуінде  қала  ​​тұрғындары әртүрлі мәселелерді көтерді. Шаһар тұрғындары әлі күнге дейін жолдардың жағдайы мен қар тазалау жұмыстарының мардымсыздығына тоқталды.Қаланы абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары да баса айтылды.Кейбір тұрғындар көмір бағасына наразылық білдірді. Қала басшысы  ешбір мәселе назардан тыс қалмайды - деп сендірді.

Сейітқали ӘШІМ

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТІҢ ҮШІНШІ ҚАБАТЫ 20 ЖЫЛ БОС ТҰРҒАН
19:23, 23 қазан 2018
МЕКТЕПТІҢ ҮШІНШІ ҚАБАТЫ 20 ЖЫЛ БОС ТҰРҒАН
Толығырақ...
ТАНЫМАЛ ЖАСТАР – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ
19:22, 23 қазан 2018
ТАНЫМАЛ ЖАСТАР – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар