ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

14:17, 12 сәуір 2019

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Құрметті меймандар өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, бірқатар мәселелрдің шешімін қарастырды

«Мой дом» -  бұл балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілері мен жазасын өтеп келген әйелдерге көмектесетін жалғыз орын. Әдетте, оларда тіркеу құжаты болмағандықтан қиындықтарға тап болуда.  Қазіргі уақытта дағдарыс жағдайында 10 адам тұрады.  

Ирина ЖДАНОВА, «Мой дом» ҚБ төрайымы:

-Егер біз шығарсақ, олар тұрғын үйге және медициналық мекемелерге қолжетімділікке және өздеріне тиесілі өзге де мүмкіндіктерден айырылады. Егер біз оларды шығармасақ, онда біз  өзіміз айыппұл арқалаймыз.  Қазір   1 сәуірден басталған жаңа әлеуметтік көмек кезіндегі жаңа жеңілдіктерге әйелдер қауымы белсенді араласуда. 

Елена ТАРАСЕНКО, Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары:

-Осы мәселелер бойынша сауатты кеңес беріп,    бейімделу орталығындағы мәліметке қаныққан жөн. Содан кейін ғана адамдар тіркелу арқылы  барлық дәйектерді толыққанды білесіздер.

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында гендерлік теңдікті алға жылжыту үшін көптеген бастамаларды жүзеге асырды. Осыған қарамастан, елдегі ажырасулар санының азаймай отырғаны анық.  Биылғы екі айдың өзінде  2 мыңға жуық қазақстандық отбасы айырылысқан көрінеді. Көрсеткішке көз жүгірткен мамандар, Заңның 22-бабына өзгерістер енгізуді ұсынып, медиацияны сотқа дейін  жүзеге асыру жанұяларды сақтауға жол ашады деп бағамдайды.

Татьяна САВИЦКАЯ, «Озарение» ҚҚ президенті:

-Біз тәжірибе түрінде жобаны іске қостық. Тұрақты тұратын жерін анықтау немесе кәмелетке толмаған балалармен қарым-қатынас тәртібін анықтау мәселесінде   қамқоршылық органдарына хабарласып жатады.  Медиаторлар мен психологтар әрбір отбасында даулы мәселелерді шешеді. Нәтиже бойынша, 20 өтініш берушіден 7 адам медиация арқылы туралы келісім жасасты.

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко   елде отбасылық қолдау орталықтарын құру қажеттігін атап өтті. Ол үшін мемлекеттің де, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің де күш-жігерін біріктіру қажет.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Теги: последние новости Караганды сегодня, новости и события в Карагандинской области, происшествия в Караганде

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар