ОТБАСЫ ТЫНЫШТЫҒЫ ҮШІН

17:15, 6 тамыз 2019

Қарағандылық полицейлер пәтер иелері коопретиві өкілдерімен тығыз байланыс орнатпақшы. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері құқықбұзушылықтардың алдын алуда жергілікті тұрғындармен қарым-қатынастың пайдасы орасан дейді

Өткен жылмен салыстырғанда өңірде  ауыр дене жарақаттарымен байланысты қылмыстар саны 17% артқан. Ал өліммен аяқталатын қылмыс  шамамен 37% құрауда. Сақшылар болса,  көптеген әйелдер күйеуінің   әлімжеттігін жасырып, оның ауыр қылмыспен аяқталатынын алға тартады. Тіпті, көршілер  бір-бірінің үйінде болып жатқан ойранға алаңдаушылық білдіре бермейтін көрінеді. Осы олқылыққа тосқауыл ретінде полицейлер пәтер иелері кооперативі өкілдерімен бірлесе жұмыс жасауды шешкен.

Евгений ӘБІШЕВ, облыстық ПД ЖПҚ басқармасы бастығының орынбасары:

-Бізде учаскелік полицейлер әлі барып, тексермеген үйлер бар. кейбір мекен-жайлар бойынша әлі де жұмыстар жүргізу қажет. Пәтер иелері кооперативі ұжымдары да заңбұзушылыққа тосқауыл қою үшін біркісідей жұмылып, лезде сақшыларға хабарлаудың пайдасы мол деп ойлаймын.

Кооператив төрағалары заң бұзушылықты тез арада хабарлау үшін   арнайы чат құрмақшы. Оның құрамына полиция департаментінің жетекшілері де болады.  

Дмитрий НОРТОВ, ПИК-тің өкілі:

-Полицейлермен қоян-қолтық жұмыс жасауға қай уақытта болсын әзірміз. Біз үшін сақшылардың қырағылығы ғана емес, заңсыз әрекеттер болса жедел участкелік бөлімге хабарлау әркімнің парызы деп ойлаймын.

Сәуле Махмедова участкелік полиция бөліміне күйеуінің үстінен   арыз жазуға келген. Нәзік жандыны өткен түні сабаған  жолдасы сақшылардың бұрыннан тізімінде де тұрған көрінеді.    

Жұбаныш БАЛАҒАЗИН, полиция қызметкері:

-Халық өз мәселесімен тәулік бойы біздерге хабарласа алады. Оның ішінде, 102 нөмірлі байланысымыз арқылы көптеген шағым-өтініштер жедел қаралып, қажетті  шаралар қабылдануда. 

Аталмыш акция  өңірімзде 30 шілдеден бері өткен. Осы аралықта  күйеуінің тепкісін көрген 18 әйел дағдарыс орталықтарына жіберілген. Сонымен қатар, полицейлер  2000-нан астам өзге де  құқық бұзушылық фактілерді  анықтап,  8 мыңнан астам пәтерді аралап шықты.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар