ОТАН-ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

12:50, 15 мамыр 2020

Бүгін -Халықаралық отбасы күні.Отан- отбасынан басталады демекші,атаулы мерекенің қоғамдағы алатын орны ерекше.Осы шараға орай, тілшіміз Сейітқали Әшім қаламыздың Оңтүстік шығыс ауданында тұратын «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы Жұмәділдиндерге жолығып,олардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып қайтты

Ата-ананың бала тәрбиесіндегі ролі ерекше.Бұл ретте, әкенің отбасы алдындағы атқаратын міндеті мен зор жауапкершілігі, ал, ананың мейірімі мен аялы алақанының жылуы жатса керек.  Әрбір отбасы - шағын мемлекет десек,оның кіші Отаны –өзінің жаңұясы. Біз тілге тиек еткелі отырған ынтымағы мен бірлігі жарасқан, қарағандылық Жұмәділдиндер отбасы соның қатарына жатады. Олар облысымызға кеңінен таңымал."Мерейлі отбасы" байқауларына қатысып, жүлдегер атанғандардың бірі.

Әнуар ЖҰМӘДІЛДИН, Азаматтық қоғам төрағасының орынбасары:

-Бақытты отбасы болудың өзі, бақыт.Жалпы алғанда бір институт.Ең бастысы махаббат,ауызбіршілік,сыйластық пен имандылық.

Отағасы Әнуар Жұмәділдин мен отанасы Бақытты Қанапинованың шаңырақ көтергендеріне биыл 15 жылдай уақыт болған. Осынау айтулы мерзімде 6 баланы дүниеге әкеліп,бағып-қағуда. Қазір, желкілдеп өсіп келе жатқан 4 ұлықты ұлдары мен екі қылықты қыздары бар.Олар қаламыздың Оңтүстік шығыс ауданындағы мектептерде тәлім алып, саналы тәрбие теруде.Бала тәрбиесі мен айналысу оларға зор міндет пен асқан жауапкершілік жүктейді, «Артыңда  мал қалғанша, тал қалсың» деген аталы сөзді қатты ұстанған үлгілі отбасы - қаракөздердің санын көбейтіп, демографиялық ахуалға да өз үлестерін қосыпжүр.Отанасы Бақытты Қанапинова «Мен қадірлі Анамын» атты тренинг арқылы да, көпшілікке таңымал.

Бақытты ҚАНАПИНОВА, ҚХА жанынан құрылған «Аналар кеңесінің» мүшесі:

-Жалпы отбасының ауызбіршілігін сақтап қалушы ол, әйел.Әйел ана үйдің ұйтқысы  болуға балаларға дұрыс тәрбие беруге және түзде жүрген отағасын дұрыс қарсы алып, жұмысқа шығарып салу да, әйелге жүктеледі.Ұрпақтың өсіп-өнуіне де әйел ері мен қоса жауапты.

Жұмәділдиндер отбасының ортаншысы Мыңтуар Жұмәділдә №57 мектеп-лицейінің 6 - шы сыныбында оқиды.Озат оқушы, елімізде жарияланған Төтенше жағдай мен карантинге байланысты қашықтықтан оқып, білім алуда.

Мыңтуар ЖҰМӘДІЛДӘ, №57-ші мектеп-лицейінің оқушысы:

-Отбасы күні мерекесі мен құттықтаймын.Менің әкем өте үлгілі адам.Өйткені ол, үнемі көмектесіп, қолдап отырады.Тәжірибесі мол.Мен өз әкем мен мақтанамын.

Балалар бос уақытында әртүрлі ойындар ойнап, конструкторлықпен айналысады екен.

Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері  бола жүріп,қоғам белсенділері атанып үлгерген жас отбасы, қайырымдылық шараларын өткізумен де, айналысады.Үнемі көп балалы және жалғыз басты аналарға қамқорлық көрсетіп, отырады. Елімізде Жұмәділдиндер сияқты үлгілі, әрі мерейлі отбасыларының саны еселеп арта берсін!- деген ізгі тілегіміз бар.Өйткені, отбасының аман-саулығы - әрбір елдің дамуы мен келешегінің кемел болуында жатса, керек.

Сейітқали  ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар