ӨСІМСІЗ ТӨЛЕМАҚЫНЫ ҚАЛАЙДЫ

18:38, 17 мамыр 2019

Бас шаһардағы Кәсіподақтар үйінде қоғамдық кеңес мүшелерінің ұйымдастыруы мен қоғамдық тындау өтті.Ол, жылыту маусымын қортындылау мен алдағы науқанға дайындық барысын пысықтауға арналды.Алқалы жиынға қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Қабдығали Оспанов төрағалық етті

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысына әкімдік өкілдері мен қызмет көрсетуші «Қарағанды су», «Теплотранзит Қарағанды», «Қарағанды жарық»  «Жылу энергия орталығының» жетекшілері мен сала мамандары қатысып, өз жұмыс нәтижелері бойынша есеп берді.Қоғамдық тыңдауға қатысқандарды алаңдатқан мәселенің бірі қала халқын үздіксіз ыстық сумен қамтамасыз ету.Ағымдағы тарифті  2020 жылдарға дейін сақталуын қамтамасыз ету.Бұл туралы қала әкімдігіне орынды ұсыныстар да айтылды

Николай  СЕНЬКОВСКИЙ, «Қарағанды су» ЖШС-нің қызмет көрсету бөлімінің  басшысы:

-Қала бойынша 18 мың тұрғын, орталықтандырылған су жүйесіне қосылмаған.22 мың тұрғын-үй  кәріз жүйесінің қызметін пайдалана алмай, отыр.Ол, үшін қыруар қаржы қажет.Осындай проблемалық мәселелер жылу жүйесінде, де баршылық.

Қатысушыларға бірнеше сұрақтар қойылды. Мәселен,суды жылытатын титанды сатып алуға мүмкіндігі шектеулі адамдар мен, әлеуметтік жағдайы төмен отабасыларының жағдайы келмейді.Сондай-ақ, жылу ақысын өсіруге  салмақ түсіреді -деді қатысушылар  

Марат ТҮСІПОВ, қоғамдық кеңестің мүшесі:

-Арнайы шаралар уақытылы қабылданды.Жылу бірқалыпты берілді.Тарифтер-2020 жылдарға дейін сақталады.

Қоғамдық тыңдауға қатысушылар   билік пен қызмет көрсетуші компания өкілдерінен  тариф саясатының 2020 жылдарға дейін сақталуын сұрады

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар