ОРЫНДАЛМАҒАН УӘДЕ

15:53, 20 мамыр 2020

Өз баспаналары өздеріне арман болды. Салымшылар бірнеше жылдан бері жаңа пәтерлерінің кілтін ала алмай жүр. Себебі, тұрғын үйдің құрылысы әлі аяқталмаған. Шыдамы таусылғандар бүгін құрылыс алаңына жиналды

Ғалия Төкенқызы – жетпіс жасар зейнеткер. Ақсақалы екеуі жалғыз ұлына баспана әперу үшін, көп жылдан бері қаражат жинап келген. Олар екі бөлмелі пәтер үшін шамамен 7 миллион теңге төлеген.

Ғалия ТӨКЕНҚЫЗЫ, салымшы:

Тұрғын үйдің құрылысы 2013 жылы басталған. Тапсырысты алған мердігер компаниялар пәтерлерді 2017 жылы табыстауы керек болған. Үш жылдан бері қоныс тойын тойлай алмай жүрген салымшылардың көңілі алаңдаулы. Өйткені, жауапты компаниялар құрылысты аяқтауға әлі асығар емес. Құрғақ уәдемен жалтақтап жүр. Ал, әкімшіліктегілер бұл мәселені бір жақты қылудың жолдарын іздеуде екен.

Нұрлан ӘБЖАНОВ, қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:

- Бұған дейін жұмыс атқарып келген мердігерлермен жасалған келісім-шарттар бұзылды. Қажетті шағымдар сотқа тапсырылды. Құрылысты мәресіне жеткізу үшін осы жылдың ақпан айында жаңа конкурс жарияланды. Оның қортындысы 22 мамырда шығады.

Нысанды бекітілген мерзімде тапсырмаған «Ольивие» және «Сартан» деген екі компания болып шықты. Салымшыларды әбден титықтантқан олар бүгін алып құрылыс кранын бөлшектеп, құрал-саймандарын жинастырып жатыр. Енді, 22 мамырда жарияланған жаңа конкурстың нәтижесі шыққаннан кейін бұл нысанмен басқа мердігерлер айналысады.  

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар