ОРТАЛЫҚ САЯБАҚТЫҢ ТЫНЫСЫ

14:18, 10 шілде 2019

Қарағанды қаласының орталық саябағына жаңа атракциондар мен жарықшамды фонтандар жетіспейді. Және көптеген атракционда балаларды ойнату үшін төленетін билет бағасын қайта қарау керек. Бұл орталық саябаққа келіп тынығатын қарағандылықтармен қала қонақтарының пікірі. Ал, саябақ әкімшілігі келушілердің көңілінен шығу үшін қандай жұмыстар атқарып жатыр?

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ, тілші:

-Іргесі  сонау 1947-ші жылдары қаланған, жалпы аумағы 140 га тарға жуық орталық саябақта келушілердің көңілінен шығу үшін жұмыстар бір сәтке тоқтамаған. Саябақ өкілдері енді орта және шағын кәсіп өкілдерін саябаққа тарту үшін батыс бөлікке жөндеу жұмыстарын жүргізіпті.

Талғат СМАЙЛОВ,  Мәдениет демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы басшысы м.а.:

-Биыл 3 жылдық мемарандум аясында батыс жақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді.  Бұл жақта атракцион қоюға мүмкіндік береді.

Дәл қазір орталық саябаққа жетіспей тұрғаны да осы. Себебі көпшілік келушілер мұндағы атракциондар әбден ескірген -дейді. Онымен қатар, саябақтың орталық бөлігі болмаса, өзге тұстарының басым көбі игерілмей бос жатыр. Бірақ, саябақ әкімшілігі көгалдарды көбейту мақсатында шағын көл маңына 200 түп ағаш егіпті. Жаңа әжетханалар ашылған, гүзарлар жаңарып, отыратын орындықтар қойылыпты. Деседе қарағандылықтардың көксегені мынау.

Қарағанды қалалық мәдениет демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасына жыл сайын бюджеттен 800 млн теңге бөлінеді. Оған Қарағандыдағы 4 саябақ, 91 гүзардың қыста қар тазалау, жазда гүл мен ағаш егу, олардың күтімі сынды бірқатар жұмыстары кіреді. Айтпақшы, қайың өсетін алқапта болған «теннис корты» құрылысына облыс әкімі нақты шешім айтқаны мәлім. Енді бұл алқапты көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.  

Талғат СМАЙЛОВ, Мәдениет демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы басшысы м.а.:

-Қайың өсетін жерде теннис кортын салу жоспары болған. Бірақ облыс әкімі салынбайды деді. Енді қосымша ағаш отырғызып, абаттандырамыз

Орталықтағы бүгінгі күні бар 44 атракционның 10-ы саябақ меншігінде. Қалғаны жеке меншік қатарында. Саябақ әкімшілігі осында келіп жұмыс істеуге ниет білдірген кез-келген кәсіпкерлерге бар жағдай жасалатынын айтуда.   

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар