ОРТАЛЫҚ САЯБАҚТАҒЫ ОЛҚЫЛЫҚТАР

17:44, 22 қазан 2019

Қарағандылықтар демалатын орталық саябақта абаттандыру жұмысының бірінші кезеңі аяқталды. Соңғы үш жылда жөндеу жұмыстарына бір жарым милиард қаражат жұмсалынған. Жаңадан спорт алаңдары салынып, ағаштар отырғызылды, орыныдықтар саны да артты. Алайда, қалалық мәслихат депутаттарының айтуынша, аяқталмай қалған жұмыстар да жетерлік

Биылғы жылы үшінші участкінің абаттандыру жұмысына 446 млн теңге  бөлінген. Әлбетте аталған қомақты қаражатқа, «Сапа Жол строй» мердігері далада жаттығу жасайтын алаңды да салған. Кішкентай бүлдіршіндердің ойнайтын жерін де қарастырған. Бір сөзбен айтқанда, қала тұрғындары мен қонақтарының демалуына барлық жағдайды жасаған. Алайда, едәуір қаражатқа жасалынған жерді күзететін адамдар болмаса, жаңадан құрылғылары бар қараусыз қалған жерден ертең ештене қалмайды. Депутаттары осы мәселені айтып, алаңдаушылық білдірді.

Жанболат ТОҚМҰРЗИН, коммуналды шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Ағымдағы жылдың тамыз айында қала әкімшілігі мен депутаттардың қолдауымен бейнебақылау жүйесіне қаражат бөлінген болатын. Байқау шаралары қыркүйек айында аяталды. Қорытынды шығып, орындайтын мердігер де  белгілі болды. Енді қысқа мерзімде жұмысын аяқтауға ат салысып жатыр. Биылғы жылы 44 бақылау камераларын сатып алуға 12 млнға жуық қаражат бөлінді. Оның сегізі сатып алынды. Осыған назар аудару керек.

Бір қарағанда саябақтың анағұрлым өзгергенін байқауға болады. Тіпті мүмкіндігі шектеулі жандарға  арнайы дәретхана да салған. Жайау жүргіншілер мен жүгіретіндерге арналған жолдар да қарастырылған. Саябақтың сыртында мердігер автокөлік тұрағын жасаған. Бірақ, жасалынған жұмыстың сапасына депутаттардың көңілі толмады. 

Алтынтөре БҮКЕНОВ, Қарағанды қалалық мәслихат депутаты:

- Автокөлік қоятын тұрақтың көлемін ұлғайту керек. Келуші тұрғындарға ыңғайлы болу үшін.  Пандустардың санын көбейту керек. Мынау жеткіліксіз. Өте өткір сұрақтың бірі – бақылау бейнекамералары. Олар барлық саябақ бойынша мүлдем жоқ.

Айта кететіні, 2017 -2018 жылдары саябақтың жұмысы халық қалаулыларының қатысуымен тексерістен дәл осылай өткен болатын. Ол кездегі мердігер айтқан ескертулерді бұлжытпай қалыпқа келтіріп еді.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар