ОРТАҚ НӘСІП

16:15, 5 желтоқсан 2018

Нұра ауданындағы Қараой ауылында тұратын Прибтер отбасы өздері-ақ өңір жұртын ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Бұған дейін тек егін салып, мал өсіріп келген шаруа қожалығы, енді қаз өсіріп, көкөніс егуді қолға алды. Бұған қоса, құтыға қымыз жауып, түрлі сүт өнімдерін әзірлейді.

Ресейдің Қорған қаласынан мың бас балапан әкелген  Виктор Прибтің фермасындағы қаздың саны қазір 4 мыңға жеткен. Диеталық етке сұраныс қашанда жоғары, - дейді ол. Бір қаздан шамамен 7 мың теңге пайда түседі. Фермер енді құстың мамығын да кәдеге жаратпақшы. Ресейлік әріптестері сатып алуға ниет білдірген.  

Виктор  ПРИБ, Шаруа қожалығының жетекшісі: 

-Бір қаздан 200 грамм шығады. Мамығын ғана алады. 70 процент скидка береді. Ол су ғой, сумен тазалаймыз ғой. Сонда 1200 теңге бір келіге береді. Келіп алып жатыр қазір.

Ал әулеттің келіні Ирина Приб ауылшаруашылығын қолдау қорынан 6 миллион теңге несие алып, жылыжай салған. Осылайша аудан халқын жыл оны екі ай қиярмен қамтып отыр. Бүгінгі күнге дейін 2 тонна өнім алыпты. Бұған қоса, көктемде 5 мың түп көшет сатқан.

Ирина  ПРИБ, бағбан:

-Біз келешекте өнім көлемін екі есеге ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін қиярдың басқа түрін егіп көрмекпіз. Алдағы жылдары көкөністі тек ауданға ғана емес, өзге қалаларға да сатуға ниеттіміз.

Қазір  қожалықтың иелігінде мыңға жуық мал басы бар. Сол арқылы фермер қымыз ашытып, сүт өнімдерінің бірнеше түрін өндіріп отыр. Ал қаз етін қаптап, мұздатып, сауда орындарына өздері жеткізіп береді.

Сейітқали ӘШІМ

 Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...