ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТТЕРІ АШЫЛДЫ

16:26, 29 шілде 2020

Қарағанды облысында тағы сегіз өрт сөндіру бекеті ашылды.Олар тілсіз жауды тез арада ауыздықтайды.Сондай-ақ, мемлекеттік өртке қарсы қызметтің арнайы бөлімшелері алыстағы ауыл-аймақтарда жұмыс істейді.Тіпті шалғай елді-мекендерде пайда болып, дала өрті мен табиғи оттан қорғауға мол мүмкіндік береді

Бүгінгі күні аймақ бойынша 22 өрт сөндіру бекеті бар.Олар 49 елді-мекендегі 30 мыңнан астам тұрғынды өрт апатынан қорғайды. Іске қосылған бекеттер 16 өрт сөндіру көліктері және арнайы техникамен толықтай жабдықталған.

Табиғи дала өртін өшіруде мобильді және кешенді жұмыс жоспары да, бекітілген. Осындай жылжымалы техниканың 5-еуі Қарқаралы ауданы әкімдігінің қолдауымен  алынған.

Бұл заманауий техникалар арнайы су сақтайтын бөшкелер және мотопомпа агрегаттары мен толықтай қамтылған.Оның сыртында,өрт сөндірушілердің арнайы жабдықталған киім-кешектері тағы бар. 

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар