ОРМАН ӨРТІ ОРЫН АЛДЫ

17:08, 13 тамыз 2019

Қарқаралы ауданында ұлттық табиғи саябақтың аумағы өртке оранды. Алдымен, Егіндібұлақ ауылының оңтүстігіне қарай 30 шақырым жерде құрғақ шөп тұтанған, артынша жалын орманды далаға лап қойған

Тілсіз жаудан зардап шеккен аумақ көлемі 500 гектарға жуық. Қазір оқиға орнында 170 өрт сөндіруші мен 27 техника жұмылдырылған. Өртті толық ауыздықтау дәуір қиындатып тұр. Осының салдарынан жергілікті аумақта табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Атап өткен жөн, жыл басынан бері облыстың орман қорында 15 орман өрті орын алған. Былтыр 4 факті тіркелген.

Біржан КӘРІМОВ, ТЖД бастығының орынбасары:

-Өрт аймағында МИ – 2 тікұшағын қолдану арқылы әуеден  барлау ұйымдастырылды. Бүгін өрт орнына су төгу құрылғысы бар тікұшақ ұшып келді. Өрттің неден тұтанғаны белгісіз.Қазір   арнайы комиссия жан-жақты зерттеу жұмысын жүргізуде.

Осы жағдай бойынша облыс әкімі ұшақпен қадағалау жүргізді. Ол мәселені назарда ұстайтынын жеткізді.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар