ӨРКЕНИЕТІ ӨРІСТЕГЕН ӨҢІР

15:24, 4 тамыз 2020

Жаңаарқа ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып жатыр.Бағыты айқын жобаның арқасында ауылдардың жолдары жөнделіп, электр тоқтары ауыстырылуда. Ал жергілікті бюджеттен бөлінген қомақты қаражатқа 4 елді мекендегі мәдениет үйі жаңартылу үстінде

Жаңаарқа ауданындағы «Модуль» спорт кешеніне ағымдағы жөндеу жұмыстары  сапалы жүргізілуде.Нысанды қалыпқа келтіруге жергілікті бюджеттен 29 миллион теңге бөлінген.Жауапты мердігер ғимаратты түгелдей жарықтандырып,арнайы ағаштан еден жасаған.

Мұнда жанкүйерлер ойынды алаңсыз отырып тамашалайтын стандартқа сай балконда орнатыпты.Енді сәтін салса, аудан халқы  баскетбол мен волейболды кең алаңда асыр салып ойнайтын болады.Заманауи кешенде облыстық, республикалық жарыстар мен қатар аудан әкімінің шағын футболдан турнирі өткізілетін күн жақын. 

Медет МҰҚАЖАНОВ, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

-Аудан әкімінің қолдауымен қаржы бөлініп,стандартқа сай етіп жасалды. Аудан халқының салауатты өмір салтын ұстануына  жол ашты. Сондай-ақ спорттық шаралардың өткізуге  мол мүмкіндік берді.

Дәл қазіргі уақытта сорт кешенінің ауласының ажары ашылып, абаттандырылуда.Аумаққа жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр. Ал Жалғас Сембеков жұмыс іздеп, алысқа сабылған жоқ.Қайта ботатірсек бозбала жақын жерден екі қолға бір күрек тапты. Еңбекқор жас жігіттің қомақты айлығы шайлығынан жетіп артылады.

Жалғас СЕМБЕКОВ, жұмыскер:

-Жұмыспен қамту орталығына рахмет.Бір айдан асты жұмыс жасап жатырмын. Жалақым жақсы.

Биыл Талдыбұлақ ауылдық окургінің де келбеті көркейе түсті.Бірлігі бекем, тірлігі тәуір ауылдағы мәдениет үйі жаңартылуда.Нысанды жөндеу үшін аудандық қазынадан 11 миллион теңге бөлінген. Мәдениет ошағының сырты сайдингпен қапталып, қабырғалары сыланған.Төбесі әрленіп, есіктері ауыстырылыпты.Бұдан бөлек өнерпаздарға арналған сахна жасалыну үстінде.

Мағжан САЯЖАНОВ, Талдыбұлақ ауылдық округі әкімдігінің жетекші маманы:

-Мердігер компания «Жаңаарқа 2006» ЖШС жергілікті өзіміздің компания болып есептеледі.Ауылымызда асфальт ғана емес,мәдениет үйіне құрылыс жұмыстары өткізілуде.

Еңселі елді мекенде ілгерілеген ілкімді істер де айтуға тұрарлықтай. Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында Талдыбұлақ ауылдық окургінің  көше жолдарын қалыпқа келтіруге 50 миллон қаржы бөлінген. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында  екі жарым шақырымға  тас төселіп, бір километр 300 метр аумаққа асфальтталған. Тақтайдай тегіс, жабынының сапасы жоғары  жолмен жүрсеңіз шелектегі  суыңыз төгілмейді. Сонымен қатар  аталған ауылдағы  он алты шақырымнан астам аумақтағы ескірген электр сымдары ауыстырылып, жарық бағаналары орнатылып жатыр. Бұл мақсатты міндеттерге  «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 35 миллионнан астам теңге қарастырылған.

Мағжан САЯЖАНОВ, Талдыбұлақ ауылдық округі әкімдігінің жетекші маманы:

-Болашақта аспалы көпір тартуды жоспарлап отырмыз. Бейбітшілік және Тәуелсіздік көшелеріне жарық шамдары орнатылды.

Қазір Жаңаарқа ауданында  жекеменшік жарық компанияларын коммуналдық меншікке  алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.Жалпы өлкедегі жарқын игілікті істер саны мұнымен сейілмек емес.  Бүгінде  Ералиев, Ақтау  Орынбай ауылдық окургтерінде мәдениет үйлеріне жоспарлы жөндеу  жүргізілуде.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар