«ОНЛАЙНМЕН» МЕКТЕПКЕ ТІРКЕЛУ

17:40, 15 мамыр 2019

Баласы бірінші сыныпқа баратын ата-аналар енді мектепке құжаттарды онлайн режимі арқылы тапсыра алады.Портал 1- маусымнан бастап жұмысын бастайды.Электронды форматтағы өтініштер 30-тамызға дейін қабылданады. Бүгін жаңа жүйені мамандар Қарағандыдағы мектептердің директорларына таныстырды

Толыққанды  ақпарат  Қарағанды қалалық білім бөлімінің сайтында  жазылған. Электронды нұсқаның  бірінші, үшінші және он жетінші беттері үшін баланың  денсаулық паспорты мен фотолары қажет. Ал мұның барлығы санаулы минуттың ішінде жасалады.Жаңа жүйе бір жағынан уақытты  үнемдейді.

Нұргүл ЖЕКСЕМБИНА, Қарағанды қалалық білім бөлімінің бас маманы:

Бірегей жүйемен жұмыс жасаудың жолдарын бүгін білім бөлімінің мамандары қала мектептерінің  директорларына  тәптіштеп айтып, көрсетті.Сонымен қатар  сайттан  жалпы орта білім беретін мекемелердің рейтингісі мен былтырғы ұлттық біріңғай тесттілеудің  нәтижесі туралы мәліметті   біле аласыз.  Баланы мектепке қабылдаудың негізгі көрсеткіші  мекенжайына   қарап ескеріледі. Яғни ,ең алдымен  оқу ошағының маңында  тұратын балғындар тіркеледі.Дегенмен білім саласының мамандары қаланың басқа бөлігіндегі балаларды гимназия мен лицейге қабылдау туралы мәселе бойынша сан мәрте  ойланғандарын айтады.

Ирина ЛЮБАРСКАЯ, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары:

-Гимназияға өтініш берген ата-аналардан  біз әрине  бас тарта алмаймыз. Бірақ олардың басым көпшілігіне негізделген  тест тапсырмалары бар. Сондай сынақтан өтуі шарт.Тіпті қажет болса,қосымша сыныптар мен орындарды ашамыз.

Осы жылы  мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бес мектеп жұмыс жасайды.Ал оның төлемдерінің бір бөлігі қалалық қазынаға түседі. Сәтін салса, мамыр айының 18 мен26  -да портал  тесттік режимде қолжетімді болады. Сөйтіп, Қарағандылықтар өздігінен өтініш бере алады.Мамырдың 18-і күні сағат 11-де  қаланың барлық мектептерінде   ата-аналар жиналысы өтеді.Айта кету керек,  тамыздың 30-на дейін өтініш беруге  уақыт бар.Бірақ, ата –аналар   құжаттарды мектепке  қағаз  жүзінде тапсыруларына  болады. Қосымша ақпарат алу үшін  жедел-желінің  50-78-81 телефонына қоңырау шалуларыңызға болады!

Жанбота РАХМЕТУЛЛҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар