ОНЛАЙН СПАРТАКИАДА МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

12:26, 22 қазан 2020

Облысымызда өткен "Saryarka" спартакиадасы мәреге жетті. Өңіріміздің күллі қала, аудандарынан белсенді жандар қатысқан онлайн жарыс төрт күнге созылған болатын.

Облыстық "Saryarka" онлайн спартакиадасы 14-18 қазан аралығында биыл алғаш рет қашықтан өтті. Өңірімізден 5000-ға жуық адам қатысқан онлайн додада шахмат, дойбы, бес асық, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика секілді сайыс түрлері болды. Одан бөлек, үміткерлер пауэрлифтинг, футбол  және кір көтеру спорты бойынша күш сынасты.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған сайыстың алғашқы айналымында 5000 үміткердің 1363 спортшысы финалға өткен. Жарыс қорытындысы бойынша қалалар арасында командалық есепте 1-ші орынды Қарағанды, 2-ші орынды Шахтинск, 3-ші орынды Теміртау қаласы иеленді.

Анарбек ЖҮНІСОВ,  Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:

-   Шахтинск аймағында спортты дамыту үшін көптеген жұмыстар жасалуда. Бұл екінші орын алу біз үшін де рекордтық көрсеткіш болып отыр. Спортты дамыту жолында жұмыстар жалғасуда.

Ал, аудандар арасында 1-ші орынды Абай ауданы, 2-ші орынды Нұра, 3-ші орынды Шет ауданы иеленді. Сайысқа 8-10 жастан асқан жасөспірімдер мен зейнеткерлік жасқа дейінгі егде адамдар да қатысқан.  

Нұрлан ТҮСІПОВ, спартакиаданың бас төрешісі:

-Онлайн жарысқа қатысушылар саны жылдағыдан екі-үш есеге артып отыр. Осы жылдарға дейін жүлдеден көрінбей жүрген қала, аудандар топтық құраммен жеңіс тұғырынан көрінді.

Жүлделі орындарға ие болған қалалар мен аудандардың командалары дипломдармен және кубоктармен марапатталды. Осылайша, «Saryarka» онлайн спартакиадасы қатысушылар саны бойынша биыл рекордтық көрсеткішке қол жеткізген.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ
14:01, 23 қараша 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ
Толығырақ...