ОНЛАЙН ОҚЫТУ ОҢТАЙЛЫ

17:03, 15 қыркүйек 2020

Жаңаарқа ауданында school.bilimal.kz платформасы бойынша 3176 оқушы қашықтықтан, ал 1237 бала дәстүрлі бағытта оқытылып жатыр.Оқу ошақтары санитарлық талаптарды сақтап, сабақ жоспарына сай жұмыс жасауда.Мектептер қажетті компьютер және дезинфекциялық құралдармен түгелдей қамтамасыз етілген.

Жаңаарқа ауданының Бименді Амалбеков атындағы жалпы орта білім мектепте дәстүрлі бағытта бастауыш сыныптардан 325 бала оқиды.Оқу ошағында санитарлық талаптарға барынша басымдық берілген.Мұндағы өрендер алтын ұяларына кірген кезде арнайы кабина арқылы өтеді.Күн сайын  медбикелер олардың температурасын өлшеп,қолдарына антисептик себеді.Тіпті мектеп ұжымы ережені қатаң сақтайды.Тіпті,саналарына мөрдей басып, құлағына қорғасындай құйып алғаны соншалық әр партаға  бір –бір оқушыдан  отырғызады.

Сұлтан БИБОСЫНОВ, жалпы орта білім беретін мектептің директоры:

-Бұл тірек мектебі ресурстық орталығы қызметін атқарады.  Және Қарағанды қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің  эксперименталды алаңы болып саналады. Осы қашықтықтан  оқыту жүйесі  туралы білімдерін жетілдіру арқылы біз бүгінгі күні  оқушыларды 100 процент сапалы біліммен  қамтып отырмыз.

Жаңаарқа ауданында онлайн оқыту жағы оң жолға қойылған.Бүгінде өркениеті өрлеген өңірдегі 3176 бала school.bilimal.kz платформасы бойынша  қашықтықтан еш кедергісіз білім алуда.Ал дәстүрлі бағытта 1237 оқушы оқиды.Оңтайлы жүйе бағытында ұстаздардың дені арнайы оқыту курстарынан өткен.Оларға 400-ден астам мұғалім сабақ береді.Солардың бірі Жасқайрат Асамиданов. Жас маман қашықтықтан оқытудің тиімді тұстарын бізбен былайша бөлісті.

Жасқайрат АСАМИДАНОВ, жүйе әкімшісі:

-Қазіргі таңда бұл палтформа өте ыңғайлы.Мұндағы басты мәселе  оқушылармен кері байланыс орнату.Оқушылардан тапсырмаға жауап алу. Екі тапсырманың біреуі орындалса сары түске боялады.

Мектептер заманауи  жабдықтармен жабдықталған. Жаңа  оқу жылында 55 компьютер 11 мектепке таратылған.Ал оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету мақсатында 73 миллион астам қаржы бөлінген.

Назгүл ЖАНБЕКОВА, ата-ана:

-Кезекші сыныптардың ашылғанына балалардын бұрын ата-аналарда қуаныштымыз.Білімді ұрпақ болып, мұғалімнің  алдында білім алғанды бізде қалаймыз.Маскамен қамтамасыз етті.Санитарлық талаптар сақталған.

Білім беру ұйымдарын да   дезинфекциялық құралдар саны  жеткілікті.Жалпы аудан бойынша мектептерге төрт мың астам  бетперде мен  мен 10 мың литр анситсептик таратылған.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар