ӨҢІРДЕГІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ

17:14, 7 шілде 2020

Өңірде пандемия мәселелері өршіп тұр. Дәрі тапшылығы қанша уақытқа дейін созылады? Барлық науқастарға ауруханалық керуеттер жеткілікті ме? Осы және басқа да сұрақтарға Қарағанды облысының әкімі тікелей эфир барысында тиісті жауап берді

Бүгінгі күнде өңірімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 5 мыңан асты. Оның жартысы стационарлық жағдайда ем қабылдап жатыр. Осындайда, «Емханаларда» орын жеткілікті ме» деген сұрақ туындайды. Облыс басшысы онлай брифинг кезінде стационарлардағы төсек орындар 4200-ге көбейтілді деп айтты. Қарағандыдан басқа Теміртау мен Балқашта , Жезқазған және Сәтпаев қалаларында жаңа орындар саны артқан.  Бір сөзбен айтқанда, орын жетпейді деп дүрлігуге негіз жоқ-деді..

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Қарағанды қаласы Ерубаев көшесіндегі 350 орындық провизорлық емхана ашылуға дайын тұр. Жақын күндері пайдаланамыз. Ол науқасты емдеуге қажетті компютерлі томография сияқты заманауй техналогиялармен жасақталған.

 Брифинг барысында дәрі-дәрмектердің тапшылығы туралы да сөз болды. Облыс басшысының айтуынша, дәрі-дәрмектерді жеткізу тоқтатылған жоқ, тұрғындар оларды көп мөлшерде сатып алған. Дегенмен,  тапшылық жақын арада болмайды -деп, сендірді облыс әкімі .Аймақ бойынша вирусқа қарсы препараттар көп мөлшерде жеткізілмек.Олардың арасында дене қызуын түсіретін дәрілер бар. Барлығы көп мөлшерде бір екі күнде жеткізіліп дәріхана сөрелерінде пайда болады -деді,  Жеңіс Қасымбек   

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Біз барлық облыста 450 дәріхананы тексердік. Дәрінің бағасын заңсыз көтеру сияқты фактілер кезіккен жоқ.Үлкен көлемде дәрі-дәрмектерді сатып алған  адамдардың пайда болуы салдарынан  дәрі тапшылығы пайда болған.    Енді пайда тауып, алыпсатарлық саудасы мен айналысатындарды қатаң жаза күтіп тұр. 

Өнім қауіпсіздігіне қатысты айтар болсақ. Облыстағы азық-түлік қоймаларында және тұрақтандыру қорында 57 мың тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар тағам өнімдерінің қоры бар.  Жеткізу бойынша  ешқандай іркілістер жоқ.  Жақын арада картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат, күріш, қарақұмық және өсімдік майы сынды өнімдердің көп қоры келіп түседі.  Ағымдағы жылдың наурыз айындағыдай бұл өнімдерге сұраныс үш есе артса да, қолда бар азық-түлік өңірдің барлық тұрғындарына жеткілікті болмақ. Сондай-ақ, брифинг барысында аймақ басшысы"Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарға да тоқталды. Бүгінгі таңда өңір кәсіпкерлерімен 620 шарт жасалып, 10 жарым мың жұмыс орны ашылған.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар