ӨҢІРДЕГІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ

21:02, 30 шілде 2020

Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері Қанат Асқаров өңірдегі эпидемиологиялық жағдай жөнінде брифингте мәлімдеді.Сондай-ақ, COVID-19 таралуына жол бермеу үшін атқарылып жатқан іс-шаралар жайында айтты

Бүгінгі таңда облыста COVID-19 жұқтырғандардың саны  8 412 жетті. Қазіргі кезде жұқтыру деңгейі 1,3 пайызға төмендеген.. Сырқаттанғандардың басым көпшілігі Сәтбаев, Саран, Балқаш, Шахтинск қалаларында және Абай ауданында тіркелген. Олардың 53 пайызы-20 жастан 50 жасқа дейінгі адамдар. Аймақта жұқпалы індетке шалдыққандарды  дер кезінде анықтау үшін тағы 4 зертхана іске қосылды.алдағы уақытта   – Теміртау мен Балқаш қалаларында осы тектес  нысанды ашу жоспарда. Сондай-ақ,облыста мобильді топтардың  жұмысы қарқынды.

Қанат АСҚАРОВ, Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері:

-29.07-де тексерумен 4 690 нысан қамтылды. 315 объектіде бұзушылықтар анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының бірінші бөлігіне сәйкес анықталған. Бұзушылықтар бойынша 268  көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде 51 жеке кәсіпкерге және 1 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды. Сондай-ақ, 215 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек брифинг барысында алдағы құрбан айт мерекесіне қатысты біршама мәлімдемелер айтылды. Қанат Асқаров 31 шілде мен 2 тамыз аралығында елдімекендер аумағында мал союға және автокөліктерден сатуға тыйым салынғанын еске салды. Құрбандық шалу онлайн форматында және жергілікті атқарушы органдар бөлген жерлерде ғана өтеді. Бас санитарлық дәрігер аймақ тұрғындарын карантиндік шараларды қатаң сақтауға шақырды.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар