ӨҢІР ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

16:26, 12 қаңтар 2021

Қарағанды облысында ағымдағы жылы Саран мен Шахан қалаларында орталық қазандықтар салынады. Облыс орталығындағы желілердің жылу оқшаулау мәселесі оң шешімін табады. Ел әлеуеті мен инфрақұрылымды жандандыру мәселелері өңір басшысы Жеңіс Қасымбектің қатысуымен өткен онлайн режимдегі аппараттық кеңесте талқыланды

Қазір облыстағы барлық сегіз станция штаттық режимде жұмыс істеуде, жылу желілерінде ешқандай апаттар тіркелген жоқ. Бұл онлайн режимдегі кеңес барысында мәлімделді. Жеңіс Қасымбек Қарағандыдағы жылу желілерін оқшаулау мәселесін шешу қажеттігін де атап өтті. Өңір басшысы жұмыс биыл басталуы үшін қалалық бюджеттен ақша бөлуді тапсырды. Сондай-ақ, жылыту маусымында бақылауды күшейтіп, олқылықтар орын алмауын қадап тапсырды.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

- Жылыту маусымын өткізу мәселелері ерекше бақылауда.  Бір аптадан астам уақыт аяз болды. Жылу жүйесіндегі кемшіліктер мен олқылықтардың бары анықталды. Ендігіде бұл кемшіліктерді болдырмай, мәселені шешуіміз қажет.

Бұдан бөлек, өңір басшысы Саран қаласындағы орталық қазандықтың құрылысын аяқтауға қажетті қаражат бөлінгенін атап өтті.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-  Жұмысты тездетулеріңізді сұраймын. Біз келесі жылу маусымында жаңа қазандықты іске қосуымыз тиіс. Сондай-ақ, Шахандағы қазандық құрылысын аяқтау керек.

Аппараттық кеңесте тұрғын үй құрылысы мәселесі де қаралды. Өткен жылы бұл көрсеткішті 4/1-ге ұлғайған. Ал, биыл межелі жоспар көлемі де ауқымды.  Үй құрылысы 18%-ға өсуі тиіс. Алдағы үш жылда тұрғын үй құрылысын миллион шаршы метрге дейін жеткізу мақсаты қойылды.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,  Қарағанды облысының әкімі:

-  Тұрғын үй құрылысы - біздің жұмысымыздың маңызды индикаторларының бірі. Өткен жылы кезекте тұрғандар үшін әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен тұрғын үй 2019 жылға қарағанда 40%-ға артық берілді. Біз бұл динамиканы сақтауымыз керек. Үш жылдық кезеңде тұрғын үй құрылысының көлемін миллион шаршы метр деңгейінде жеткізу міндетін алға қойып отырмыз.

Алдын ала қорытынды бойынша, 2020 жылы облыста 529,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2021 жылы облыста бұл көрсеткішті тағы 18% - ға арттыру жоспарланған.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар