ӨҢІР ДАМУЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

17:10, 10 қазан 2018

Жәйрем кентінде жаңа мешіт салынып жатыр. Қаражал қаласындағы «Горняк» мәдениет үйі қалыпқа келтірілуде. Сондай-ақ, биылғы жылы Қаражал әкімдігі мен «Karazhal Operating» ЖШС №5 мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша меморандумға қол қойған

Жәйрем кентінде 320 орынға шақталған жаңа мешіттің құрылысы жүргізілуде. Сауапты істің демеушісі Жәйрем тау-кен байыту комбинаты. Жобаның жалпы құны 870 миллион теңгені құрайды. Ал ескі мешіт ғимаратында оқу бөлмелелері мен кітапхана орналасады.

Сондай-ақ, тау-кен байыту комбинатының қаржылай қолдауымен «Горняк» мәдените үйі жөнделуде. Биыл модульдік қазандық орнатылып, мұнда  бюджет есебінен LED экран да қойылмақ. Айта кетсек, мәдениет үйінде өнер мектебі, баян, домбыра сияқты музыкалдық сыныптар жұмыс істейді. Сондай-ақ, ментальды арифметика мен ағылшын тілдерінен үйрететін қосымша білім курстары бар. Жергілікті тұрғындар бос уақытын тиімді өткізу үшін осында келеді екен.

Тілектес ДОСАЕВ, Қаражал қаласының әкімі :

- Мұнда суық  су болмаған. Бұрындары балалар дәретханаға далаға шығып жүрсе, енді мектеп ішіне санитарлық бөлме жасалды. Мектеп маңы қоршалды. Келесі жылы білім мекемесінің  ішіне де күрделі жөндеу жүргізіледі.

Шығармашылық даму мен қатар сапалы білімге де үлкен мән берілуде. Наурыз айында Қаражал әкімдігі мен «Karazhal Operating» ЖШС  № 5 мектепті жөндеуден өткізуге  меморандум жасасқан. 17 млн теңгеге білім мекемесінің қасбеті  жаңартылды,  су жүйелері тартылып,  жылу қазандығы орнатылған.  Жергілікті қазынадан мектеп зияткерлік ойын кабинеті мен   интерактивтік тақталарға қол жеткізген.

Райхан САЙРАНБЕК 

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар