ӨНЕРКӘСІБІ ӨРЛЕГЕН ӨҢІР

15:43, 14 қыркүйек 2020

Жаңаарқа ауданындағы жеке кәсіпкер Раушан Арфилов жетекшілік ететін «Жанболат» шаруа қожалығының ет және шұжық өңдеу цехының жұмысы қарқынды. Өнеркәсіп жылына 80 тонна өнім өндіреді. Табиғи таза еттен жасалынған сапасы жоғары шұжықтар дүкен сөрелерінде самсап тұр.Себебі халық тарапынан сұраныс жоғары дейді,- жас кәсіпкер

«Жанболат» шаруа қожалығының ет және шұжық өңдеу цехы былтыр жұмысын бастаған болатын.Санаулы уақыт арасында өнеркәсіптің жұмысы жанданып,тірлігі тіктелді.Жас кәсіпкер Шынболат Мүбәрак игілікті идеясын ағасымен ақылдасып қолға алған.Тәуекелдің төресі еңбек -деп білетін бизнесмен жеңілдетілген пайызбен несие алып,жиырма миллион теңге жеке қаражатын қосып  шұжық өңдеу цехын ашуды ұйғарады.

Шынболат МҮБӘРАК, жас кәсіпкер:

-Үкіметтен жақсы көмектер берілуде.Субсидиямен пайдалы жеңілдетілген несиелер түсіп жатыр. Бір ғана Жаңаарқа ауданын ғана емес, Қазақстан нарығын шұжықпен  қамтамасыщз етуді  жоспарлап отырмыз. 

Жобаның жалпы кұны 31 миллион теңгеден астам.Өрлеген өнеркәсіп «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасының» нақты нәтижесі,әрі жарқын жемісі.Қарқыны қуатты цех жылына 80 тонна өнім шығаруға қауқарлы.Өнеркәсіп түгелдей ең озық қондырғылармен қамтамасыз етілген. Мұнда шұжықты бабында пісіріп,ыстайтын термокамера да бар.Тіптің өнімнің құнарлылығын сақтайтын арнайы тоңазытқыштар орнатылған. Межелі мақсаты айқын, өзіндік жоспары жойқын жас кәсіпкер қазір 3 адамды жұмысен қамтып отыр.Алысқа сабылмай, жақын жерден ел қатарлы еңбекке тартылғандардың бірі Олжас Рахметов.Берекенің бастау бұлағы саналған бағдарламаның арқасында жиырма тоғыз жасар жігіт тұрақты табыс көзіне кенелді.

Олжас РАХМЕТОВ, шұжық өңдеу цехының жұмыскері:

-Жалақымыз тұрақты. Кәсіпкер ренжітпейді.Барлық жағдай жасалған.  Санитарлық талапты сақтап отырып жұмыс жасаймыз.

Отандық өнім Жаңаарқа ауданының ірі сауда орталықтары мен шағын дүкендерінің сөрелерінде жетерлік.Себебі жергілікті тұрғындар мен шалғайдағы елді мекен жұртының тарапынан бұған сұраныс зор. Құныда  қалтаны қақпайды.

Жанетта ЖАКЕШОВА, Жаңаарқа ауданының тұрғыны:

-Мен дүкеннің тұрғылықты тұтынушымын. Шұжық маған ұнайды.  Бағасыда өте қолайлы.

Әзірге өнеркәсіпте шұжықтың 5 түрі шығарылады.Болашақта бизнесмен өнім түрлерін еселеп көбейтіп,  кәсәбінің ауқымын кеңейтуді көздеп отыр.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар