ӨНЕРДІ БӘСЕКЕ ӨСІРЕДІ

16:19, 8 қараша 2018

Қарағанды қаласында ұлы композитор шертпе күйдің шебері Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы 7-ші республикалық күй орындаушыларының байқауы басталды. Өнер бәсекесіне еліміздің түкпір-түкпірінен үміткерлер қатысуда. Аталмыш шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

3 күнге созылатын республикалық  байқауға  60-қа жуық шебер орындаушылар қатысуда.Олардың жас  шамасы 16 мен 35  аралығындағы өнерпаздар.Бәсі биік бәсеке  3 аталымнан тұрады.Домбыра,қылқобыз, примақобыз.Үміткерлердің  арасында «Жетісу», «Батыс», «Қаратау», «Сыр бойы» және  «Арқа» күй мектебінің шебер орындаушылары да бар.Байқауда,  Тәттімбеттің бір күйін шебер орындау мен қатар өз қалауы бойынша кез-келген шығарманы көрерменге  ұсынады.Барлық қатысушыларға қойылыған талап ортақ. Бұдан бөлек өнер додасында  бағын сынайтын қобызшылар  Қорқыт пен Ықыластың шығармаларын орындайды дейді, әділ қазылар алқасының төрағасы, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның профессоры Біләл Ысқақ  

Біләл ЫСҚАҚ,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

-Қарағанды жерінде болғаныма қуаныштымын.Бұл өңір үнемі руханиятты қолдап отырады.Бүгінгі байқау соның нақты дәлелі.Жас қатысушыларға табыс тілеймін

Тараз қаласынан  келген Дінмұхамбет Құрманбай мұндай жарыста алғаш ретін бағын сынап көрмекші. Жастайынын қара ждомбыраны жанына серік еткен талапкер Тәттімбеттің «Саржайлау» «Бестөре», «Көкейкесті», «Сылқылдақ» және басқа да шығармалары халық арасында жиі орындап жүр. Бұл өнер  додасында барлық талантын ортаға салатынын жасырмайды.

Дінмұхамбет ҚҰРМАНБАЙ, байқауға қатысушы:

-Мен бірінші болып бастаймын.Онда Тәттімбеттің «Саржайлау» күйін тартпақпын. Сондай-ақ, өз шығармамнан қалауым бойынша бір күй орындап беремін.Өнер сайысына қатысушы әріптестеріме табыс тілеймін.

Тәттімбет Арғын асқан ардагерім,Қырық түрлі күй тамған бармағынан деп, Біржан сал жырға қосқан Тәттімбет байқауын өткізу дәстүрге айналған.

Талғат ЫДЫРЫСОВ, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің бас директоры:

-Осы байқауды дәстүрлі түрде өткізу дұрыс жолға қойылды.Оған атқарушы билік тарапынан үнемі көңіл бөлініп тұрады.Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілеймін

7-ші Тәттімбет атындағы байқауды өткізу үшін Қарағанды облыстық әкімдігі мен облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы қолдау көрсеткен.

 Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
16:10, 13 қараша 2018
ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
Толығырақ...